8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Наурыз 2021 1033 0
Қоғам

БҮГІН – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

Көктемнің алғашқы таңын атырған, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған 1 наурызда, яғни бүгін бейбітшілік пен достықты кие тұтқан халқымыз Алғыс айту күнін атап өтеді.


Айта кетсек, 2016 жылғы 14 қаңтарда ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев №173 Жарлыққа қол қойған болатын. Ол Жарлыққа сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған 1 наурыз – елімізде Алғыс айту күні деп жарияланды. Дәл сол жылы еліміз өз тарихында тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өткен еді.

«Сталиндік режім кезінде Қазақстанға көптеген халықтар жер аударылды – 800 мыңға жуық неміс, 102 мың поляк, 550 мың Солтүстік Кавказ халқының өкілдері, 18,5 мың Қиыр Шығыстағы корей отбасылары көшіп келуге мәжбүр болды. Оларды пойыз вагондарынан жапан далаға түсіріп кетті. Ол кездері мұнда тек қазақтар өмір сүрді. Сондықтан, олар қабыл алып, көмек көрсетті. Қиын уақыттарды бастан өткеріп жүрген қазақ отбасылары балшық үйлеріне кіргізіп, қабылдады. Біздің жанұямыз да үш баласы бар ерлі-зайыптыны қабылдады. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне мейірімділік көрсететін, түрлі халықтарды туғанындай қабылдаған қазақтарға Алғыс айту күні деп атап өткен дұрыс болар еді. Бұл бізді одан әрі жақындастырар еді. Бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне мейірімділік, достастық және махаббат таныту мерекесі бола алады», – деген еді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың 22 сәуірі күні ҚХА-ның XXII сессиясы барысында.

Алғыс айту күні – елімізді бейбітшілік пен достыққа, тыныштық пен ынтымаққа үндейтін мереке. Тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі ұлттардың миллиондаған өкілдерін құшақ жая қарсы алған қазақтар тар заманда басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді. Бұл кеңқұшақ құрмет – еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»