8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қыркүйек 2020 1437 0
Өзек

Б.АХМЕТОВА: «ІНІМДІ ӨЛТІРГЕН ТОП ЖАЗАСЫН АЛАДЫ»

Өткен жылдың 25-ші желтоқсанында адам қолынан қаза болған 32 жасар Қуаныш Ахметовтың өліміне кінәлілер түгелдей жазаланатын болады. Бұл туралы бүгін марқұмның апасы Бақыт Ахметова мәлімдеді.

Естеріңізде болса жаңажылдық жиыннан шыққан шудан кейін жедел жәрдем қызметінің көлігінде алған жарақатының салдарынан көп қан жоғалтқан Қуаныш Ахметов о дүниелік болған еді. Оның өліміне айыпты деп танылған топтан бүгінгі таңда темір торда Абзал Әділов пен Аян Қапизов қана отыр. Күдіктілердің үстерінен бұған дейін ҚР Қылмыстық Кодексiнің 106-бабы Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру бойынша қаралған болса, енді 99 бап яғни кісі өлтіру фактісі бойынша іс қозғалатын болады. Қылмыстық іс енді облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралатын болады. Естіріңізге сала кетеміз Абзал Әділов осыдан бірнеше жыл бұрын бір бүйрегін Шымкенттік аруға беріп донар болған еді. Марқұмның кісі қолынан қаза болғаны туралы мәлімет жанар жағармай бекетіндегі бейнежазбада сақталып қалған. Бұл іске полицейлер мен медбикелер және «Сова» күзет қызметінің өкілдерінің қатысы бар дейді марқұм Қуаныш Ахметовтың апасы Бахыт Ахметова: – Қалған 4 күдіктіні тек куәгер деп көрсеткен. Сонымен қатар сот үкімінде жазатайым адам қолынан қаза болды деп көрсетілген. Мен бұл үкіммен келіспеймін. Інімнің өліміне кінәлілер қатарында «Сова» күзет компаниясының қызметкерлерінің бар екені белгілі. Олардың ішімдік ішіп топпен шақыртуға шыққаны көрініп тұр. Сонымен қатар олардың інімді аяусыз соққаны да жазылған. Сол себепті мен бұл үкіммен келіспейтінім туралы сотқа өтініш хат жаздым. Енді менің інімді өлтірген топ мүшелері толықтай жазасын алады деген сенімдемін,– дейді марқұмның апасы Бақыт Ахметова.

Сот үкімі қайтадан қаралады.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»