8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Қараша 2018 2612 0
Қалалықтар қаперіне

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ КӨТЕРІЛМЕУІ КЕРЕК

 Бүгін Орал қаласы әкімі М.Мұқаев азық-түлік өнімдерін сатумен айналысатын сауда орындарының басышыларымен, жеке кәсіп иелерімен кездесті.  

ҚР Үкіметінің қаулысына сай әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің тізімі жасалған болатын. Бұл тізімге 19 атаулы өнім кіреді. Қала басшысы Мұрат Рахметовтың  айтуынша, мониторинг нәтижесі бір атаулы өнімге әртүрлі баға қойылғанын көрсеткен. Мәселен, қарақұмық жармасы «Мирлан» базарында 180-190 теңге болса, «Алтындар» супермаркетінде 126 теңгеден саудалануда. «Караван» базары күрішті 230 теңгеден ұсынса, «Алтындар» супермаркеті 187 теңгеден қойған. Өткен аймен салыстырғанда жұмыртқаның бағасы көтерілген. Бірінші сұрыптағы ұн 8 пайызға, қант 1,5 пайызға қымбаттаған.

– Кейбір сауда орындарында негізсіз бағаның өсірілгені байқалады. Делдалдардың да көп екені жасырын емес. Бірнеше қолдан өткен соң, бағаның өсетіні анық. Ғимараттың жалға алу құнының өсуі де азық-түлік бағасының көтерілуіне әкеледі. Сондықтан көтерме бағамен жеткізушілер мен делдалдар арасындағы байланысты және жалға беру мәселесін қарастыру керек. Бұл жалпы тауарлардың бағасын төмендетуге септігін тигізеді, – деді Мұрат Рахметұлы.

Сонымен қатар шаһар басшысы сауда орындарында зейнеткерлер мен аз қамтылған отбасылар үшін әлеуметтік бұрыш ұйымдастырып, әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерін жеңілдетілген бағамен сатуды ұсынды.

Орал қалалық кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мейрам Хайыровтың баяндауынша, бағаны тұрақтандыру мақсатында жыл басынан бері Орал қаласында жергілікті шаруа қожалықтарының, тауар өндірушілердің және көтерме бағамен жеткізушілердің қатысуымен 43 ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілген. Жәрмеңкеде өнімдер нарықтағы бағадан 15-20  пайызға төмендетіліп сатылды. Қазіргі уақытта тауар өндірушелірге қолдау көрсету мақсатында қала аумағында көкөніс өнімдері үшін 14 және нан өнімдерін сатуға арналған 22 дүңгіршек орнатылған.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»