«ҚАЗИИТУДАҒЫ» ӘЗ НАУРЫЗ!
Ұлыстың ұлы мейрамы әз Наурызды іргелі оқу орындарының бірі «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешені биыл ғимараттың оныншы қабатында қарсы алды. «Достық шаңырағы астында» атты театрландырылған қойылымды қонақтар назарына ұсынған аталмыш кешеннің студент-жастары Ұлық мейрамға ерекше дайындықпен келгендерін өнерлерімен қоса, ұлттық тағамға толы мол дастархандары арқылы да көрсетті.

Наурыз тойында «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің Құқықтану факультеті армян ұлтының, «Республикалық жоғары техникалық колледжі» украин халқының, Техникалық факультеті шешен халқының, Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы қазақ халқының, Жалпы техникалық пәндер кафедрасы корей халқының, Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері кафедрасы татар халқының, Экономика және менеджмент кафедрасы орыс халқының ұлттық киімдерін киіп, ас мәзірлерін дайындады. Сондай-ақ олар БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірдегі көпұлтты этно-өкілдерінің татулығы мен бірлігін, ынтымағын өнерлері арқылы да дәріптеді. Кең залға жиналған қонақтарға әр факультеттің студент-жастары көрісіп, ұлттық дәмдерінен ауыз тигізді. Ән әуелеп, би қалқыған мерекеде «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, «Қазақстандағы 100 Жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ақсерік Әйтімов қонақтар мен студенттерді, ұжымды Ай мен Күн теңелген, Жер-Ана жібіген, арман мен адалдық, құштарлық пен сұлулық, тазалық пен татулық сыйлаған Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Мерекелік шараға зиялы қауым өкілдері мен Ассамблея мүшелері, «Нұр Отан» партиясы өкілдері, ардагерлер қатысты. Осы меймандардың атынан танымал аға-апалар Хамит Тастамбеков пен Рауза Әбілаева сөз алып, бірлігі мен тірлігі жарасқан «Андас» және «ҚазИИТУ» оқу орнының ұжымына шынайы лебіздерін айтып, студент-жастарға ашық аспан, терең білім мен еңбек, қанағат тіледі.

Шарада көпшілік этно ауылдарға саяхат жасалып, театрландырылған көріністерге кезек берілді. Әр ұлт өкілдерінің ұлттық болмысын дәріптеген кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері бірлесіп өнер көрсетіп, «Наурыз» мерекесінің ажарын аша түсті. Айталық, Самарқанның көк тасы жібіп, Сарыарқаның сеңі бұзылған күнді «Қазақ ауылы» керемет қарсы алып, қазақ халқының жаңа жылын Алаш жұрты қалай қарсы алуы керектігін паш етті. «ҚазИИТУ-дың» Техникалық пәндер кафедрасының І-курс студенті Әзілхан Сисенов «Еңбек термесі», «Он алты қызды» әуелетті. «Масис» армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аветик Амирханян, «Вайнах» шешен-ингуш қоғамдық бірлестігінің төрағасы Данильбек Саратов және өзге де этно мәдени бірлестік өкілдері қазақ халқының қонақжай, бауырмал қасиетіне ризашылықтарын білдіріп, тойға шашу ретінде ұл-қыздарын билетіп, белсенділік танытты. «Тонг-иль» Корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Ан Виталий Константинұлы ортаға шығып, кәріс халқының ұлттық қолөнер бұйымдарын таныстырды. Кеш соңында барша қауым «Қара жорға» биін ортаға шығып билеп, мерекенің көрігін қыздырды.
Наурыз тойына арнайы шақырылған барша қонақтар мен студенттер қолдарын жайып, осы оқу орнының ақсақалы Асқар Әшуұлының ақ батасын алды. Залдың төрінен орын алған «Қазақ ауылының» киіз үйіне бас сұғып, мол дастарханнан дәм ауыз тиген меймандар «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, ҚазИИТУ-да күнде той болсын!» деп тілектерін білдірді.

Нұрай ҚАЙЫРОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Кіру
Пікір үстеу