8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Ақпан 2020 1456 0
Қоғам

ҚазИИТУДА REACT БАҒДАРЛАМАЛАУ МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

Қазақстан инновациялық  және телекоммуникациялық жүйелер университетінде REACT бағдарламалау  мектебі ашылды. Мектептің ашылу салтанатына БҚО  ақпараттандырумемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының мемлекеттік қызметті мониторингілеу бөлімінің басшысы Дамир Әділханов, «IT HUB БҚО» ЖШС директоры Талғат Балтабеков,  «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Әйтімов және  оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

. 

REACT бағдарламалау  мектебі IT-технология саласында білім алатын немесе жұмыс істейтін және  осы салаға қызығушылығы бар кез-келген азаматтарға арналған оқу платформасын құруды көздейді. Бағдарлама көптеген қолданушылар үшін қолжетімді болуы үшін бағдарламаны IOS және Android платформаларында құру және күнделікті өмірде, өндірісте кеңінен қолдану жоспарланған.        – Елбасы: «Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады» деп атап өткендей, бәсекеге қабілеттілікті болу – бүгінгі таңдағы  басты  міндеттердің бірі болып саналады. Осы орайда  ҚазИИТУ ғылыми-білім кешенінде  орта білім беретін  IT мектебі  ашылып, 150 жуық оқушы білім алуда. Екінші кезекте болашақта қажетті нарыққа IT  мамандарын  даярлау ісі нақты қолға алынды.  Болашақта REACT бағдарламалау  мектебінің  түлектеріне  Ресей, Белорусь, сонымен бірге Оңтүстік Таяу Шығыс Азия  мемлекеттері: Сингапур, Оңтүстік  Корея ақпараттық нарығына  шығуға  мүмкіндік ашылады. Себебі осы саланың  мамандарына сұраныс өте жоғары. Бүгінгі таңда әлем бойынша небары  9 млн.-ның шамасында  маман қызмет атқаруда,   – деді мектептің ашылу салтанатында сөз алған Ақсерік Сарыұлы.

Сала мамандарының айтуынша, React Native негізі Facebook арқылы жасаған React.js сайтынан бастауын алады. Java Script-дегі «cubes»-ден интерфейсті құрастырып, жобаға веб-бейімделу тәсілінен қарыз алынды, сондықтан компания мобильді платформаларға реактивті түрде көшіреді. Интерфейс – ағылшын тілінен аударғанда, интер – өзара,  фейс – бет, яғни бағдарламашылардың кәсіптік тілінде  адам мен компьютер қарым-қатынасын, өзара мәліметтер алмасуын қамтамасыз ететін ақпараттық-бағдарламалық  құралдар жиынтығы болып саналады.

Қазақстан инновациялық  және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры Әліби Баяхов  қазір қандай да бір білім алу үшін бұрынғыдай ел аралап, жер жүрудің қажеті жоқ екенін жеткізді. – Тіпті, мектеп, университет секілді білім беру орнына бармай-ақ, үйде отырып ғаламтор желісінен білім үйренуге болады. Сонымен қатар білім беру жүйесінің қазіргі үрдісінде студенттің білімді табысты меңгеруі үшін оқу материалдарының басым бөлігін өзі жеке үйренуін талап етеді. Қазіргі заманда статистика бойынша еңбек нарығында ең көп талап етілетін мамандық IT инженерлер болып табылады. Соған байланысты IT инженерлерді онлайн  форматта  дайындайтын  бағдарлама жасалынды, – деген Әліби Науханұлы Мәскеу халықаралық академиясы мен аталмыш оқу орны бірлесе ұйымдастырған   оқушылар мен студенттер арасындағы халықаралық олимпиада жеңімпаздарын марапаттады. REACT бағдарламалау  мектебіне 70 тыңдаушы  қабылданды. Оқу мерзімі – 6 айға жоспарланған.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»