8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Шілде 2019 2123 0
Қалалықтар қаперіне

ҚАЖЫЛЫҚҚА 3200 КВОТА БӨЛІНДІ

30 шілде күні қажылыққа ниеттенген қазақстандықтардың азаматтардың алғашқы тобы Шымкент және Ақтау қалаларынан Сауд Арабиясына сапар шегеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алыңында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов мәлім етті. 

«Биылғы қажылық маусымы осы айдың 30-ынан басталады. Биылғы қажылыққа бару бойынша Сауд Арабиясы тарапынан біздің 3200 азаматымызға квота берілді. Осыған сәйкес Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы қазақстандықтарды қажылыққа дайындап жатыр», – деді Ержан Нүкежанов.

Қажылыққа Екі әуе компаниясы алып барады. Ол Сауд арабиясы тарапынан берілген «FlyNas» компаниясы және Қазақстан тарапынан отандық «Scat» авиакомпаниясы. Алып бару принципі 1600 адамнан іске асырылады.

Сондай-ақ, Дін істері комитетінің төрағасы арнайы қажылық миссия құрылғанын айтып өтті.

«Арнайы қажылық миссияға біздің комитеттің өкілі, сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері енгізілді. Өйткені қажылық сапар кезінде ұйымдастырушылық немесе денсаулық тарапынан бір мәселелер туындап жатса, сол кісілер Қазақстан мұсылмандар діни басқармасымен бірге осы мәселелерді шешетін болады», – деді Ержан Нүкежанов.

Е.Нөкежанов жыл санап қажылыққа баратын қазақстандықтардың саны артып келе жатқанын атап өтті.  Атап айтқанда, 1990 жыл мен 2019 жылдар арасында қазақстандықтарға Сауд Арабиясы тарапынан 56 635 қажылық квота бөлінген. 1990 жылы 50 квота берілсе, бүгінде 3200 квота бөлініп отыр.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»