8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Қыркүйек 2018 4518 0
Жалын

Азаматтық борышты өтеу – парыз

Күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Қазір Орал қалалық қорғаныс істері басқармасында комиссия жұмысы қызу жүруде. Бүгінгі күнге дейін 300-дей жас тексерістен өткен.

Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңына сәйкес сәйкес, күзгі әскерге шақыру 1 қыркүйектен басталып, 25 желтоқсанға дейін жалғасады. Әскерге шақырылушылар ішінен тексерістен өткендер бірінші кезеңде ҚР ҰҚК Шекара қызметін, екінші кезеңде – ҚР Қорғаныс істері министрлігінің әскери бөлімшелерін, үшінші кезеңде ҚР-ның Ұлттық Ұланы қатарын толықтырмақ. Болжам бойынша Отан алдындағы борыштарын өтеушілердің алғашқы легі қыркүйектің орта шамасында әскерге аттанады.

– Қазіргі қалалық комиссиядан өткендердің 90  пайызы Отан алдындағы борышын Шекара қызметінде өтеуге жіберіледі. 10 қыркүйектен бастап облыстық жинақтау пунктіне әскери бөлімдерден келген өкілдермен әңгімелесуге жолдаймыз. Азаматтарды әскери бөлімдерге орналастыру және іріктеу кезінде олардың әскерге шақыртылуына дейінгі мамандықтары ескеріледі. Жинақтау эксаумақтық қағидаттар бойынша жүзеге асырылады. Яғни, оралдықтар Батыс Қазақстан аумағында қала алмайды. Олар Атырау, Ақтау қалаларында және Алматы мен Қытай шекарасында, Оңтүстік Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында әскери борыштарын өтейді. Сондай-ақ осы уақытта Алматы мен Астана қалаларында орналасқан Мемлекеттік күзет қызметінің президенттік полктеріне таңдау жасалады, – деді басқарманың келісімшарт бойынша және мерзімді әскери қызметке шақырту бөлімінің бастығы, аға лейтенант Бейбіт Ғалиев.

Әскерге шақырудың екінші кезеңі – қазан айында басталмақ. Бұл уақытта шақырылушылар ҚР Қорғаныс істері министрлігінің әскери бөлімшелеріне жолданады. Ал қарашаның соңы мен желтоқсан айында құқықтық тәртіп әскері жас сарбаздармен толығады.

Басқармада әскерге шақырылушылардың денсаулық жағдайын анықтауға қажетті жабдықтар мен тиісті сала мамандары толық қамтамасыз етілген. Әскери дәрігерлік комиссия төрағасы Жангелді Дәулетқалиевтың сөзінше, күніге 40-45 жас тексерістен өтеді. Бұған дейінгі тексерістің нәтижелері көрсеткендей, шақырылушы жастар арасында көз аурулары көп. Сондай-ақ жалпақтабандылық, омыртқаның қисаюы, асқазан-ішек аурулары жиі кездеседі екен.

Басқарманың құқықтық жұмыс жөніндегі бөлім бастығы Раниль Жадаевтың айтуынша, қаламызда Отан алдындағы азаматтық борыштарын өтеуден жалтарып жүргендер де бар. Мәселен, көктемгі әскерге шақыру науқанында ҚР әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 647-ші, 648-ші баптарымен 161 әскерге шақырылушы жауапкершілікке тартылған. Олардан өндірілген айыппұлдан мемлекет қазынасына 1 млн. 250 мың теңге түскен.

– Бұлар әскери медициналық комиссиядан жалтарғандар мен жергiлiктi әскери басқару органының шақыруы бойынша көрсетілген мерзiмде комиссияға келмегендер. ҚР  әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 648-бабы бойынша медициналық куәландырудан не тексерілуден жалтарғандарға – үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 7215 теңге айыппұл салынады. Ал шақыртуға келмегендер 12 025 теңге төлеуі керек. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 387-бабы бойынша әскерге шақырылушы екі азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғау жөнінде Орал қалалық ішкі істер бөліміне материалдар жіберілді. Бұл іс тергеу бөлімінде қаралуда, – деді кіші сержант Раниль Естемісұлы.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
352 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
440 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
496 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
508 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
558 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
777 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
808 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
759 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
711 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
755 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
937 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»