8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Сәуір 2024 2951 0
Оқиға

Азаматтарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізуде

Бүгінде облыс аумағында су тасқыны салдарын жою және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда.


Қала маңындағы «Путеец», «Ягодка», «Венера», «Үміткер», «Ивушка», «Кожевник», «Газовик», «Зенит» және т.б. саяжай қоғамдарынан 400-ден астам үй суға кетті.  Орал қаласының жанынан өтетін Жайық өзенінің нақты деңгейі 679 см, қауіпті деңгей – 850 см.деп күтілуде.

Полиция қызметкерлері саяжай елді мекендердегі азаматтарды эвакуациялау бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тәулік бойы адамдарды көшіріп, қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Жалпы Орал қаласының маңындағы саяжай қоғамдарын су тасқынынан қорғау жұмыстарына 180 полиция қызметкері мен 46 қызметтік техника жұмылдырылды.
Елді-мекендерде 500-ден астам адам, оның ішінде 300-ден аса бала қауіпсіз аймаққа көшіріліп, эвакуацияланды.

Қазіргі уақытта облысымыздың 5 жолын су басты, оның ішінде 4 облыстық және 1 жергілікті маңызы бар автожолдар. Салдарынан жол қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, БҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен стационарлық бекеттер орнатылды.

Қазіргі таңда облысымыздың Қаратөбе, Теректі, Шыңғырлау секілді үш ауданның (Дуана, Ақтайсай, Ақтау, Сулыкөл, Үшана, Төлен, Темірбек, Қосбаз, Ақкозы, Қоржын) 10 елді-мекені судың шаюынан көлік байланысынсыз қалды.

Бүгінгі таңда жағдай тұрақты түрде күрделі және бақылауда.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»