Азаматтардың 86,9%-ы ел Президентіне сенеді – әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелері
2026 жылғы 17 шілдеде Қазақстандық қоғамдық даму институты «2026 жылғы электоралдық ландшафт және сайлау тенденциялары: қоғам не күтеді» тақырыбында «Sarap» сарапшылар клубының отырысын өткізді.
Іс-шараға сарапшы-академиялық қауымдастық өкілдері, ғылыми-зерттеу институттары мен талдау ұйымдарының басшылары, жетекші жоғары оқу орындарының докторанттары мен магистранттары қатысты.
Қатысушылар жаңа Конституция жағдайында Құрылтай сайлауы алдындағы қоғамдық үміт, партиялық құрылымдар рөлінің күшеюі және азаматтардың сайлау үдерістеріне қатысу белсенділігінің артуын талқылады.
Отырыс барысында ҚҚДИ-дің екі зерттеуінің нәтижелері таныстырылды: «2026 жылдың II тоқсанындағы қоғамдық-саяси ахуал» (2 400 респондент) және «Қазақстандықтардың саяси бағдарлары» (1 200 респондент).
Бір-біріне тәуелсіз жүргізілген екі зерттеудің көрсеткіштері өзара сәйкес нәтижелерді көрсетіп, электоралдық кезеңнің жоғары қоғамдық консолидация, оптимизм және мемлекеттік институттарға деген тұрақты сенім жағдайында басталғанын көрсетеді.
Алғашқы зерттеу деректеріне сәйкес, қазақстандықтардың 84,1%-ы елдегі қоғамдық-саяси ахуалды қолайлы немесе тұрақты деп бағалайды. Бұл I тоқсандағы 70,4% көрсеткіштен едәуір жоғары.
Сауалнама қоғамдағы оптимистік көңіл күйдің нығайғанын көрсетеді. Өз көңіл күйін өте жақсы немесе бірқалыпты деп бағалаған азаматтардың үлесі 88,5%-ға дейін артса, алаңдаушылық сезінетіндердің үлесі 15,2%-дан 11,5%-ға дейін төмендеген. Өмірге қанағаттану деңгейі 85,8%-ға жетті.
Респонденттердің жартысынан астамы (50,5%) соңғы бір жылда отбасының материалдық жағдайы жақсарғанын атап өтті. Ал алдағы бір жылда оң өзгерістер күтетіндердің үлесі 60,1%-ға дейін артты.
Жастардың оң көзқарасы айқын әрі орнықты. 18-28 жас аралығындағы қазақстандықтардың 87,1%-ы елдегі қоғамдық-саяси ахуалды қолайлы немесе тұрақты деп бағалайды. Бұл барлық жас топтары арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Сонымен қатар, жастар болашаққа барынша оптимистік көзқарас танытады: жас респонденттердің 65,6%-ы алдағы бір жыл ішінде өз өмірінің жақсаратынын күтеді.
Мемлекеттік институттарға деген сенімнің қарқынды өсуі байқалады. 2026 жылдың II тоқсанында Президентке деген сенім деңгейі 86,9%-ды құрады. Бұл көрсеткіш барлық жас топтарына тән, яғни қоғамдық қолдаудың кең ауқымды екенін және оның жекелеген әлеуметтік-демографиялық санаттармен шектелмейтінін көрсетеді.
Өз кезегінде, «Қазақстандықтардың саяси бағдарлары» зерттеуінің нәтижелері бойынша респонденттердің 75,1%-ы алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін мәлімдеді. Сауалнамаға қатысқандардың 37,6%-ы сайлауға қатысуға нық ниетті екенін білдірсе, тағы 37,5%-ы «Иә деуге болады» деген жауапты таңдаған, яғни олар сайлауға ықтимал түрде баруға дайын.
Сайлауға қатысуға дайындықтың ең жоғары деңгейі аға буын өкілдері арасында байқалады (80,7%), ал жастар арасында бұл көрсеткіш 69,4%-ды құрайды. Жоғары білімі бар азаматтар мен ауыл тұрғындары да сайлауға қатысуға жоғары деңгейде дайын екенін көрсетіп отыр.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар алдағы Құрылтай сайлауы елдің саяси жүйесі дамуының жаңа кезеңіне жол ашатынын атап өтті. Ол Қазақстандағы өкілді билікті одан әрі институттандыру перспективаларын айқындайтын қоғам зор үмітпен күтетін негізгі оқиғалардың бірі.
Қазақстандық қоғамдық даму институты сайлау науқаны кезеңінде қоғамдық пікірге сауалнамалар жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында аккредитациядан өткен.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда

Кіру