26 Ақпан 2021 1139 0
Қалалықтар қаперінеАЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ КАДР РЕЗЕРВІН ЖАСАҚТАЙДЫ
Бұл туралы фейсбук парақшасында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов хабарлады. Дарындылар пулына (кадр резервіне) қатысуға өтініштерді қабылдау 2021 жылғы 1 наурызда басталады.

«Министр Бағдат Мусин өз парақшасында кадрлық резерв туралы айтқан болатын. Біз дарындылар пулын – болашақта кәсіпқой мамандардан құралған мықты команда жасақтауды жоспарлап отырмыз. Оған тек біздің қызметкерлер ғана емес, кез келген азамат қатысып, өтінім бере алады» деп жазды Әділ Қожықов.
Жобаға жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар қатыса алады. Үміткерлер үшін ғылыми дәреженің болуы резервке алу барысында артықшылық болып есептеледі. Тіркеу және онлайн іріктеу talent.gov4c.kz сайтында 1 наурыздан бастап жүргізіледі.
Жобаға қатысушылар іріктеудің үш кезеңінен өтеді. Алғашқы екеуінде үміткерлер логикалық тестілеу мен ҚР заңдарының білімі бойынша тест тапсырады. Қорытынды кезеңде мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінен, HR сарапшыларынан және мемлекеттік корпорацияның басқарма мүшелерінен тұратын сарапшы кеңеспен әңгімелесу өтеді. Жоғары балл жинаған және әңгімелесу кезеңінен өткен үміткерлер кейіннен тиісті бос лауазымдарға тағайындау мақсатында кадр резервіне алынады.
zhaikuni.kz
Соңғы жаңалықтар
Өзек
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
05 Желтоқсан 2025
50 0
Медицина
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
04 Желтоқсан 2025
120 0
Өзек
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды
02 Желтоқсан 2025
150 0
Өзек
Өңірлерді қолдау күшейеді: 2026-2028 жылдарға арналған трансферттер инфрақұрылымды дамытуға бағытталады
22 Қараша 2025
459 0

Кіру
Пікір үстеу