11 Наурыз 2019 1738 0
СпортҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЗІЛТЕМІРШІ ӘЛЕМ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тағы бір спортшы жеңімпаз атанды. 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сайхан Тайсуев чемпион атанып қана қоймай, әлем рекордын жаңартты.
Жұлқа көтеруде 127 келіні, серпе көтеруде 161 келіні еңсерген Тайсуев қоссайыс қорытындысы бойынша 288 келіні бағындырды. Бұл өз қатарластары арасында әлем чемпионы атану үшін жеткілікті көрсеткіш еді. Одан бөлек, Сайхан Тайсуев серпе және жұлқа көтеруден кіші алтын жүлдені де өз еншісінде қалдырды. Қазақстандық зілтемірші серпе көтеруден жасөспірімдер арасындағы әлем рекордына да түзету енгізді. Бұл Қазақстан спортшыларының әлемдік сындағы екінші алтын медалі. Кеше Ақмолда Сайрамкез 61 келіге дейінгі салмақта топ жарған. Қазақстан жасөспірімдер құрамасын белгілі ауыр атлет Бақыт Ахметов жаттықтырады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Өзек
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
05 Желтоқсан 2025
21 0
Медицина
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
04 Желтоқсан 2025
107 0
Өзек
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды
02 Желтоқсан 2025
146 0
Өзек
Өңірлерді қолдау күшейеді: 2026-2028 жылдарға арналған трансферттер инфрақұрылымды дамытуға бағытталады
22 Қараша 2025
454 0

Кіру
Пікір үстеу