ҚАЗАҚСТАНДА ЖОЛАУШЫЛАР АВТОБУСТАРЫНЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ ШЕКТЕЛЕДІ
Версия для печати
Қазіргі ережелер бойынша, елдімекендерде көлік жылдамдығы 60-тан, қала сыртындағы трассаларда 90-нан аспауы тиіс.
Ішкі істер министрлігінде «Автокөлік арқылы жолаушылар тасымалындағы жол қозғалысы қауіпсіздігінің жағдайы туралы» тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жолаушылар тасымалындағы қауіпсіздікті арттырудың бірі ретінде жылдамдықты шектеу қарастырылуда.
– Ішкі істер министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жол картасының жобасын әзірледі. Бірқатар кешенді шаралар қарастырылуда. Оның ішінде ескі автобустарды пайдалануды шектеп, автобустар паркін жаңарту бар. Қазір Қазақстанда 90 мыңнан астам ескі автобус тіркелген… …Тасымалдаушыларға қойылатын біліктілік талаптарын күшейту. Сонымен бірге автобустардың елдімекендер аумағындағы жылдамдығын сағатына 50 шақырымға дейін шектеу, ал қала сыртында 80-ге дейін шектеу көзделген, – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболов.
Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу