8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Наурыз 2021 1273 0
Қоғам

ҚАЗАҚСТАНДА ШЫҒЫН БИЗНЕСТІ ТЕКСЕРУ 7 ЕСЕГЕ АЗАЙДЫ

Өткен жылы енгізілген мораторий қорытындысы бойынша Қазақстанда бизнесті тексеру (барлық субъекті бойынша) 4,6 есе, шағын және микробизнесті тексеру 7 есеге қысқарды. Бұл жөнінде Қазақстанның экономика министрлігің алқа жиынында ведомство басшысы Әсет Ерғалиев мәлімдеді.

«Бизнестің жол картасы–2025″ бағдарламасы бойынша ШОБ субъектілері үшін 5 жылға дейінгі субсидиялаумен кредит көлемі 7 миллиардқа дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, салалық шектеулерді алып тастадық», – деді ол.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша кредиттеудің жалпы көлемі 1 триллион теңгеге дейін ұлғайтылып, субсидиялау мерзімі – 10 жылға дейін ұзартылды. Сонымен қатар, министр тауарлар мен қызметтер тізімі кеңейтіліп, кепілдендіру құралы жақсарғанын да айтты.

Бизнес-климатты жақсарту бойынша заңнамалық түзетулердің 8-ші пакеті қабылданды. Қазақстан Дүниежүзілік банктің «Doing business» рейтингінде 3 сатыға көтеріліп, 192 елдің ішінде 25-ші орынға жайғасты.

«Қабылданған шаралар 2020 жылы жалпы ішкі өнімде шағын және орта бизнес үлесінің 30,5%-ке дейін өсуін қамтамасыз етті», – деп атап өтті Ерғалиев.

Экономика министрлігінің мәліметі бойынша, мемлекеттің экономикаға қатысуы 14,9%-ке дейін қысқарды.

2020 жылы мүлікке салық төлеу секілді салық заңнамасына бірқатар өзгертулер енгізілді.

Жеке кәсіпкерлер жеке табыс салығынан, ал ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер шаруашылық үшін белгіленген жер телімі бойынша жер салығынан босатылды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларды сату және импорттауға арналған қосымша құнға салынатын салық 12%-тен 8%-ке дейін төмендетілді.

https://sputnik.kz/economy/20210319/16579824/Shagyn-biznes-tekseru.html

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»