8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Ақпан 2021 1153 0
Қоғам

ҚАЗАҚСТАНДА ҚОС АЗАМАТТЫҚ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚАТАҢДАТЫЛУЫ МҮМКІН

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қос азаматтық үшін жауапкершілікті қатаңдату керек деп санайды. Бұл туралы ол ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында айтты.

Ол көптеген елдегі сияқты Қазақстанда да қос азаматтыққа тыйым салынғанын атап өтті. Тиісті норма ел Конституцисында бар.

«Алайда, соңғы уақытта бізде қос азаматтық фактілері жиілеп кетті, тіпті олардың арасында мемлекеттік қызметкерлер де бар. Бұған белгілі себептерге байланысты жол берілмейді. Аталған проблема өте күрделі, өйткені бұл ұлттық қауіпсіздікке қатысты. Мұндай фактілердің жолын кесу қажет», – деді Тоқаев кеңес отырысында.

Президент былтыр мемлекеттік қызметкерлер мен квазимемлекеттік ұйымдар басшыларын қос азаматтық анықталған жағдайда, қызметінен босатуды тапсырған болатын.

«Үкімет пен мемлекеттік қызмет істері агенттігіне атқарылған жұмыс нәтижелері туралы баяндауды сұраймын. Мұндай заңбұзушылықтар үшін жауапкершілікті бұдан да қатаңдату керек сияқты», – деді мемлекет басшысы.

Жуырда Шымкент қалалық спорт басқармасының башысы Олег Почиваловтың қос азаматтығы бар екені анықталды. Осыған байланысты шенеунік Қазақстан азаматтығынан айырылды.

Өткен жылдың соңында «Олег Почиваловтың Қазақстан мен Ресейдің қос азаматтығы бар» деген ақпарат тараған болатын. Сол кезде спорт басқармасы осы мәліметті жоққа шығарған.

Ал 10 желтоқсанда сенатта өткен жиында ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди қос азаматтығы бар екі мемлекеттік қызметші туралы айтқан. Оның сөзіне қарағанда, өткен жылы он бір айдың ішінде қос азаматтыққа қатысты 431 факт тіркелді. Соның ішінде Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында екі мемлекеттік қызметшінің қос азаматтықпен жүргені анықталды.

https://sputnik.kz/society/20210225/16389517/qos-azamattyq-zhauapkershilik.html

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»