8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Шілде 2026 412 0
Жаңалықтар

Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28% артты

2026 жылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 25,7 мың тонна ірімшік пен сүзбе өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28% артық. Өндіріс көлемі 5,6 мың тоннаға өсті.

2026 жылғы қаңтар-мамыр аралығында қазақстандық өндірушілер шетел нарығына шамамен 0,9 мың тонна ірімшік пен сүзбе экспорттады. Отандық өнім Ресейде, Қырғызстанда және Арменияда тұрақты сұранысқа ие. Сонымен қатар өткізу нарығының географиясы кеңейіп келеді: Өзбекстан мен Моңғолияға жеткізілім көлемі айтарлықтай артты, сондай-ақ Әзербайжан мен Корея Республикасының нарықтарына алғашқы экспорттық жеткізілімдер жүзеге асырылды.

Отандық өндіріс көлемінің артуына байланысты 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ірімшік пен сүзбе импорты 9,2% төмендеді.

Ішкі нарықта сұраныстың тұрақты өсімі байқалады. 2026 жылғы бес айдың қорытындысы бойынша ірімшік пен сүзбені өткізу көлемі 41,4 мың тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,2%-ға өсті.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
247 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
286 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
323 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
522 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»