Қазақстанда балаларға арналған SIM КАРТА ЕНГІЗІЛЕДІ
Қазақстанда балаларға арналған бірыңғай тарифі бар SIM карта енгізілмек. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Сенат депуттарының сауалына берген жауабында айтылған.
«Қазіргі уақытта кибербуллингке қарсы іс-шаралар 2020-2023 жылдарға арналған балалар құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицид мәселесін шешу жөніндегі жол картасын іске асыру аясында жүзеге асырылуда. Білім және ғылым, Ақпарат және қоғамдық даму, Ішкі істер министрліктері, жергілікті атқарушы органдар жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділіктің профилактикасы, азаматтардың цифрлық беделін қорғау, әлеуметтік желі мен интернеттегі мониторинг және тосқауыл қою, сондай-ақ, қолайсыз интернет контентке қол жеткізуден балаларды қорғау бойынша балаларға арналған бірыңғай тарифі бар SIM карта енгізу бойынша кешенді шараларды қабылдауда», – деді Асқар Мамин.

https://egemen.kz/article/253928-qazaqstanda-balalargha-arnalghan-sim-karta-engiziledi
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу