8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Наурыз 2024 2665 0
Қалалықтар қаперіне

Қазақстанда 1 мамырдан бастап жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

Елімізде жаңа ипотекалық бағдарлама мамырдың басында іске қосылмақ. 

пәтер жалдау

Отбасы банкі жаңа ипотекалық бағдарлама басталатынын мәлімдегенімен, әзірге бағдарламаның нақты шарттары айтылмады. Белгілісі – әлеуметтік осал санаттар, яғни көпбалалы отбасылар, жетімдер мен ерекше қажеттілігі барларға 7%, ал қалғандарына – 9%.

Алматы мен Астанада несиенің ең жоғары сомасы – 30 миллион теңге. Қалған аймақтарда – 18 миллион.

Астана, Алматы, Шымкент және 17 қалада жаңа үйді алуға рұқсат. 17 қаланың ішінде Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Қонаев, Павлодар, Петропавл, Семей, Жезқазған, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен бар.

Қалған елді мекендерде жаңа үйді де, қайталама нарықтағы пәтерді де, жер үй де алуға болады.

Ипотека тек моноқалалар емес, Қазақстанның барлық елді мекендеріне есептеледі.

Еске салайық, 15 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында үкіметке ауылдар мен облыс орталықтарының тұрғындары үшін жаңа қолжетімді ипотеканы әзірлеуді тапсырған еді.

18 наурызда премьер-министр Олжас Бектенов жаңа ипотеканы жариялады:

Оған 300 миллиард теңге бөлінеді.  Бірінші жылы 12 мың отбасы несие ала алады. Ипотека мерзімі әлі белгісіз.
Оған қатыса алатындар:

  • Жұмыс істейтін жастар;
  • Жас отбасылар;
  • Тұрғын үй төлемдерін алушылар;
  • «Отбасы банкінің» салымшылары;
  • Моноқалалардың, облыс орталықтарының, сондай-ақ ауылдық елді мекендердің тұрғындары.

Дереккөз: stan.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»