8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қаңтар 2024 2560 0
Бәрекелді!

Ауыл тұрғындары үй алды!

Бүгін, 17 қаңтар күні Казталов ауылында Казталов, Жалпақтал, Жаңажол, Болашақ, Талдықұдық, Қараөзен, Қошанкөл ауылдарының 22 тұрғыны баспаналы болды.


Казталов ауданы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үйлер сатып алу үшін республикалық бюджеттен 192 млн теңге бөлініп, аудан бойынша 22 тұрғын үй сатып алынды. Сатып алынған тұрғын үйлер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы кезекте тұрған тұрғындарға берілуде. – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес өңірлерді дамыту, ауылдық елді мекендерді гүлдендіру мақсатында бірқатар бағдарламалар жүзеге асып жатыр. Соның нәтижесі кезекте тұрған азаматтарға тұрғын үй сатып алынып берілді. Қазіргі таңда ауданымыз бойынша 550 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Сатып алынған тұрғын үйлер 4 санат бойынша кезекте тұрған 22 жерлесімізге берілді. Барша пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтаймын! Жаңа баспаналарыңыз татулық пен берекенің ордасы болсын, – деді аудан әкімі Асланбек Сарқұлов. Қуанышты сәтте Казталов ауданының тұрғыны Нұрсауле ҚҰСПАНҚЫЗЫ үйінің апатты деп танылғанына 7 жыл болғанын, бүгін көптен күткен жаңа үйдің кілтін алып отырғанын ризашылықпен жеткізді. Сол секілді Жалпақталдық Ерболат Тілеуғалиұлы да жаңа үйлер берекелі болып, барша шаңыраққа қуаныш әкелсін деді.

Гүлнұр СӘУІРҒАЛИҚЫЗЫ

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Таза Қазақстан
Аймақ басшысы ағаш көшеттерін отырғызды
21 Қыркүйек 2026
46 0
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
218 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
270 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
442 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»