АУЫЛ ИМАМЫНА КӨТЕРМЕ ҚАРЖЫ ҰСЫНЫЛЫП, ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығы негізінде «Орал» медресе колледжінің түлегі Темрешов Ержан Сапарғалиұлы Қазталов ауданындағы шалғайда орналасқан «Талдықұдық» ауылдық мешітіне имам лауазымына тағайындалды.

Ал, ізгі және қажетті шаруа атқарған адамның бәсі де жоғары болады дегендей, Жалпақтал мешітінің бас имамы, дінтанушы Тілек қажы Нұралиевтың бастамасымен жас имамға 300 мың теңге көтермелеу қаражатымен қоса, игілігін көрсін деген ниетпен 3-4 сауынды ірі қара малы және 5 ұсақ жандықы керегесіне байлап табыстады.
«Жергілікті әкімшілік кейінгі кезде дін саласы мамандарына жақсы көңіл бөліп, жас имамға тұрғылықты баспана берді. Казталов ауданына қарасты алты мешіттің имамдарына Жалпақтал мешітінің бас имамы, дінтанушы Тілек қажы Нұралиев аудан әкімшілігімен келісе отырып, олардың еңбекақысын оңтайлы шешті», – деп хабарлады Жалпақтал ауылдық мешітінің баспасөз қызметі.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу