8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Сәуір 2021 1845 0
Өзек

«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ КЕЗІНДЕ 1500-ГЕ ЖУЫҚ ЖОЛ ЕРЕЖЕСІНІҢ БҰЗЫЛУЫ АНЫҚТАЛДЫ

25-30 наурыз аралығында Орал қаласы аумағында «Қауіпсіз жол» атты жедел алдын-алу шарасы ұйымдастырылды. Алты күндік шарада қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция бөлімінің   инспекторлары көлік ағыны толастамайтын, көп сыйымдылықты көліктер қозғалысы орын алатын, көшелерде рейд жүргізді. Темір тұлпар иелеріне  түсінік жұмыстары жүргізіліп, автокөлік иелерінің ережені бұзғаны анықталды. Оларға белгіленген мөлшерде айыппұл салынды. Жол жүру ережесін бұзған жүргізушілер де тоқтатылды.

– Апаттылықтың жай-күйін талдауды есепке ала отырып рейдке шыққан жол инспекторлары жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандарды анықтап, көлікті мас күйде басқарған 16 тұлғаға,  қозғалыстың белгіленген  жылдамдығын арттырған 312 тұлғаға хаттама толтырылды. Жол үстінде қауіпсіздік белдіктерін тақпаған 119 жүргізуші анықталды. Ұялы телефонмен сөйлесуді бақылауды күшейту нәтижесінде 56 жүргізушінің темір тұлпар тізгінінде келе жатып өзгелермен сөйлескені анықталды. Сонымен қатар сақшылардың назарына  басып озып кеткен, қарсы бағытта жүрген жүргізушілер ілікті. Рейд кезінде жаяу жүргіншілер өтпесінен өтпей, кез-келген жерден жолды кесіп өтпек болған, апат тудыруға себепкер болған 162 жаяу жүргінші жол ережесін бұзды.  Мемлекеттік техникалық байқаудан өтпегендерге көлік құралын басқаруы үшін қайтадан тексерістерден өтуі түсіндірілді. Алты күндік рейд барысында  жол патрульдік жасақтарының жолдардағы тығыздығы арттырылды, – деп хабарлады Орал қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметкері Гүламан Исмағұлова.

Сондай-ақ жол қауіпсіздігі ережелерін  бұзушылықтарды және басқа да құқық бұзушылықты анықтау мен жолын кесу бойынша учаскелік полиция инспекторлары мен полицияның басқа да қызметкерлерін тарта отырып, қалаға жақын орналасқан  Круглоозерное, Серебряков, Деркөл, Коминтерн, Желаев ауыл жолдарында рейдтік іс-шаралар жүрді. Көлік инспекциясы өкілдері мен жергілікті атқарушы органдар  бірлесіп,  такси жүргізушілері тарапынан орын алатын жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау, жолын кесу үшін тексерістер ұйымдастырды.

Алты күн ішінде жол жүру ережесінің бұзылуына қатысты 1473 факті орын алды.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»