8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Қыркүйек 2018 2151 0
Қалалықтар қаперіне

Ата заң – мызғымас мемлекеттің қазығы

Конституция күні қарсаңында өткен облыс активінде өңір басшысы Алтай Көлгінов  жиналғандарды келе жатқан мерекелерімен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан жерлестерімізге «Астана – 20 жыл» мерекелік медальдерін табыстады.

– Баршаңызды еліміздің қастерлі мерекесі Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мерекені атап өтудегі басты мақсат ­– қоғамдық санада демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекет құруды қамтамасыз еткен Ата Заңымыздың рөлі мен маңыздылығын нығайту. Конституция заңының үстемдігі адамның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды паш етіп, мемлекетіміздің іргесін паш етті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, біздің басты парызымыз Конституцияға ұқыпты қарап, өз елімізді, тарихымызды қалай құрметтесек, оны да солай құрметтеуіміз керек. Сондықтан баянды істеріміздің бастауы болған бас құжатымызды ардақтауымыз керек. Қоғамдық және мемлекеттік құбылыстың іргелі қағидаттарын нығайта отырып, Конституция қоғамның динамикалық дамуының факторына айналды. Ең бастысы, Тәуелсіз Қазақстанның тиімді дамуын қамтамасыз етті. Конституциямен айқындалған ережелерді жүзеге асырудың арқасында күллі әлем қазақстандық даму жолын мойындады. Халқымыздың татулығы мен тұрақтылығы нығайды. Ынтымағы жарасқан Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде көп елдерге үлгі. Мұның өзі біздің Ата Заңымызды  бүкіл адамзаттық қиындықтар мен өркениетті игіліктердің қамтылғанын айқындайды. Конституция мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы болғандықтан, баршамыз еліміздің бүгіні мен болашағы үшін Ата Заңымызды құрметтеп, қорғап және маңыздылығын жоғалтпай сақтауға тиіспіз. Отбасыларыңызға игілік пен бақ береке тілеймін. Отанымыз Қазақ елі нығайып, дами берсін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын,  ­– дей келіп, бір топ азаматтарды Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының және оның астанасының қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін  «Астана – 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Олардың қатарында еңбек ардагерлері Софья Шаймарданова, Роза Көжекова, Клара Саржанова Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншілері Қатимолла Бердіғалиев, Сердеш Қажымұратов, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Мәлік Құлшар, қалалық мәслихат депутаты Валентина Михно тағы басқалар бар.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
352 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
440 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
496 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
508 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
557 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
777 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
808 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
759 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
711 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
755 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
937 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»