8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Сәуір 2024 2802 0
Мезгіл мәселесі

Астанадан Батыс Қазақстан облысына гуманитарлық көмек жіберілді

Астанадан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 1 мың тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберілді.

«AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалынан Батыс Қазақстан облысына 20 тоннадан астам кезекті гуманитарлық көмек жөнелтілді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.

«Табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға «AMANAT» партиясының әр облыстағы филиалы өзінің шама-шарқынша көмектесіп жатыр. Мәжіліс депутаттары, партияның белді азаматтары, «Жастар рухы» жастар қанатының қыз-жігіттері ел арасында жүр. Әрқайсысы өз деңгейінде тиісті шараларды қабылдап, азаматтардың иығына түскен ауырпалықты қатар еңсеріп келеді», – дейді «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек.

Жүк көлігіне тұрмыстық және гигиеналық заттар, моторлы қайық, қап, күрек, су, етік және тағы басқа қажет заттар тиелді. Гуманитарлық көмек жинау жалғасып жатыр. Бұған дейін партияның елордалық филиалы қала әкімдігімен, мәслихат депутаттарымен, Бастауыш партия ұйымдарымен, шағын, орта және ірі кәсіп өкілдерімен бірлесіп Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарына гуманитарлық көмек жібергенін естеріңізге сала кетейік.

Сонымен қатар елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық үйінің базасында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинау бойынша әлеуметтік акция ұйымдастырды. Көмек Ақмола және Қарағанды облыстарының тұрғындарына жеткізілді. Зардап шеккендерге киім, тамақ, гигиена құралдары, төсек-орын, ыдыс-аяқ және дәрі-дәрмектер жиналды.

Естеріңізге сала кетейік, елордада гуманитарлық көмекті қабылдайтын 9 пункт жұмыс істейді. Жиынға 30-ға жуық еріктілер ұйымы қатысады.

Күн сайын 200-ден астам ерікті қажетті заттарды сұрыптап жібереді. Жиналған көмектің ішінде киім, азық-түлік, гигиена құралдары мен аяқ киім басты орын алады.

Еріктілер қаржылық көмекті қабылдамайды. Ниет білдірушілер жинау орындарына қажетті заттарды жинап, әкеле алады.

Дереккөз: kazinform.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
134 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
142 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
268 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
533 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
584 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
653 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
679 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
725 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
947 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
963 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
917 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»