8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Ақпан 2021 1242 0
Қалалықтар қаперіне

«ASHYQ» ҚОСЫМШАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРҒА БАРУДЫ ҚАУІПСІЗДЕНДІРЕДІ

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ҚР ЦДИАӨМ) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен (ҚР ДСМ) бірлесіп, елдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша деректерді бақылау және талдау мақсатында «Ashyq» қосымшасын әзірледі. Бұл туралы ҚР ЦДИАӨМ ресми сайтында хабарланды. 

ҚР ЦДИАӨМ, ҚР ДСМ «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, карантин шаралары кезеңінде қызметі шектелген (spa-орталықтар, фитнес орталықтар, кинотеатрлар) бизнес өкілдері арасында пилоттық жобасын өткізуде. Енді, осы орындарға бару үшін арнайы QR-кодты сканерлеп, кіреберісте көрсету қажет. Бағдарлама өз кезегінде қызыл, сары, көк және жасыл мәртебелерге бөлінетін тәуекел дәрежесін көрсетеді.

Қызыл мәртебе қозғалысты шектеуді, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйді оқшаулаудың қатаң режимін сақтауды білдіреді.

Сары – қозғалысты ішінара шектеу – пайдаланушы ПТР деректер қорында байланыста болған ретінде көрсетілген: пациент үйден оқшаулау режимін сақтайтын жерден 500 метрден аспайтын азық-түлік және шаруашылық дүкендерге, дәріханаларға баруға рұқсат етіледі.

Көк – ПТР міндетті болатын орындардан басқа (мысалы, әуежайда) қозғалысқа ешқандай шектеулер жоқ.

Жасыл мәртебе қозғалыста ешқандай шектеулер жоқ екенін білдіреді. Бұл пайдаланушы деректер қорында COVID-19 теріс нәтижесі бар ПТР-тестілеуден өткен адам ретінде көрсетілген.

Бұл мәртебелерді көрсету бизнеске өз қызметін жалғастыруға және келушілерге қауіп төндірмеуге мүмкіндік береді. Келушілерде смартфон болмаған жағдайда қосымшада үй-жайға кіруді бақылайтын қызметкерлерге арналған функция бар, олар келушінің мәртебесін ЖСН немесе жеке куәлікте орналасқан штрих-кодты сканерлеу арқылы тексере алады.

Өткізілген пилоттық жоба қоғамдық орындарға (СОО, дүкендер, мейрамханалар, дәмханалар, вокзалдар, әуежайлар және т.б.) кіру үшін Қазақстан Республикасының барлық аумағы бойынша «Ashyq» мобильді қосымшасын таралымын көбейту мерзімін одан әрі анықтауға мүмкіндік береді.

Ағымдағы кезеңде «Ashyq» мобильді қосымшасы App Store және Play Market-тен жүктеу үшін қолжетімді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»