«Ашық қоғам» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері таныстырылды
Орал қаласында «Ақылды қала» (Smart City) тұжырымдамасы аясындағы жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Осы бағыттағы жұмыс тобының кезекті отырысы облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Серікұлының төрағалығымен өтті.
Жиын барысында өңірдің цифрлық инфрақұрылымын дамытуға, мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған бірқатар жобалар таныстырылды.
Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайту болды. Осы орайда азаматтардың өтініштерін жедел қабылдап, кері байланысты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін «Ашық қоғам» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері таныстырылды. Жоба халық пен билік арасындағы өзара іс-қимылды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.
Отырыста экологиялық қауіпсіздік мәселесіне де ерекше назар аударылды. Қатысушылар қатты тұрмыстық қалдықтарды басқарудың заманауи тәсілдерін енгізу жөніндегі ұсыныстарды талқылады. Сонымен қатар білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Осы бағыттағы «BALA QORGAU» жобасы мектептерде қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға, оқушылардың қауіпсіздігін күшейтуге және профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Жиын қорытындысында қатысушылар цифрлық технологияларды кеңінен енгізу мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартып қана қоймай, өңір тұрғындары үшін қауіпсіз, жайлы әрі заманауи қалалық ортаны қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
(Мақаланың толық нұсқасын газеттің ертеңгі нөмеріне оқуға болады. ) «Жайық Үні»
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда

Кіру