8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Қыркүйек 2019 1770 0
Өзек

ҚАРЫНДАСТАРЫН ЗОРЛАМАҚ БОЛҒАН…

Жәнібек ауданының 41 жасар азаматына мектеп жасындағы 3 бірдей қыз баласын зорламақ болды деп айып тағылды. БҚО қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотына жолданған іс бір жылға жуық қаралып, үкім шығарылды.

41 жасар қылмыскер қыздарды шақырып алып бірнеше ай бойы қорлап келген. Егер бұл туралы тіс жарып айтатын болсаңдар өлтіремін деп қорқытқан. Қылмыстық оқиғаның беті ашылуына тек қыздардың екеуара әңгімесі септігін тигізді. Оны естіген анасы бірден құқық қорғау органдарына шағымданады. Сот төрешісі Бақыт Ермахановтың мәлімдеуінше, ауыр қылмысқа барған айыпты осыған дейін бірнеше мәрте істі болған.

– ҚР ҚК 121 бабы 4-ші бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Іс 5 эпизодтан тұрды. Айыпты оның төртеуін мойнына алды. Оған аталған бап бойынша кастрация жазасы қолданылмайды. Өйткені ол жәбірленушілерді зорламаған. Тек сексуалды сипаттағы әрекеттерге барған,– деді Б. Ермаханов.
Кәмелетке толмаған мектеп жасындағы қаршадай қыздардың ар-намысын аяққа таптаған 1978 жылғы қылмыскерге 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Енді ол осы мерзімді бұрынғы қатаң режимдегі түрмеде айыбын өтейтін болады. Сорақысы сол қылмыскер, зардап шегушілердің ет жақын ағасы болып отыр. Сөйтіп бейкүнәлардың абыройын айрандай төкпек болған қылмыскер өмірінің 16 жылын тар қапаста өткізбек. Қылмыскер сот шешіміне шағымданбаған. Сот үкімі  заңды күшіне енген.

Айнұр ТӨЛЕУҒАЛИҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
816 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»