АРДАГЕРЛЕРДІҢ УӘЖІ ТЫҢДАЛДЫ
Бүгін Орал қалалық ардагерлер Кеңесінің Президиумының кеңейтілген отырысы өтті. Кеңеске қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысып, ардагерлердің түйткілді мәселелерін тыңдады.

Кеңестің басты мақсаты – ардагерлерді бір арнаға шоғырландыру. Өйткені әр зейнеткер қаламыздың тыныс-тіршілігімен етене таныс болуы керек, ал әр қала тұрғын ардагерінің жағдайын білуі тиіс. Осы мақсатта Орал қаласы ардагерлер кеңесі атқарушы органдар мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайтуда жұмыстанып келеді. Кеңестің жаңа құрамы 2015 жылы іріктеліп, 33 зейнеткер активке енді. Актив құрмындағы 13 ардагер Президиумға сайланған.
Бүгінде қалада 45 980 зейнеткер бар. Олардың 33 мыңнан астамы қалалық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған 162 бастауыш ардагерлер ұйымына біріктірілген. Қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ольга Исаева атап өткендей, Ұлы Отан Соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері тұратын аудандары бойынша мектептерге бекітілген. Қалалық әкімдік, мәслихат тарапынан мереке-мейрамдарда құрмет көрсетіліп, тұрмыстық мәселелерін шешуге көмек көрсетілуде.
Кеңестің басты жұмыс бағыттарының бірі – ардагерлердің әлеуметтік құқықтарының қорғалуы. Мәселен, ҰОС ардагерлері мен жүре алмайтын соғыс ардагерлеріне емханаларда бекітілген терапевт бар және ай сайын олардың жағдайлары туралы есеп беріп тұрады. Дегенмен, мәртебесіз жүрген ардагерлердің әлеуметтік құқығы қорғалмаған. Ольга Исаеваның мәліметінше, облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан бұған дейін, яғни 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап емханаларда жасы ұлғайған жандарға арнайы штаттық бірлік бөлініп, бектілетіні туралы айтылған. Бірақ, жыл өткенімен бұл мәселе сол шешілмеген күйі қалып отыр. Әр сала бойынша құрылған бастауыш ардагерлер ұйымдарына ардагерлерді біріктіру мәселесінде де қиындық бар. Байырғы өндірістік мекемелердің жаңа басшылары ардагер-қызметкерлерін жинауға құлықсыз көрінеді. Осы орайда кеңес қалалық әкімдіктен көмек сұрап отыр.
Жиын барысында ардагерлер кеңесі жұмысын белсендіру бағытындағы ұсыныстар айтылды. Еңбек ардагері Әленғали Керейтегі қала бойынша құрылған 12 «Жерлестер» қауымдастығының әр қайсысын мектеп, арнаулы және жоғары оқу орындарына бекітсе, ардагерлер қоғамдық жұмысқа, жастар тәрбесіне үлес қосып, нәтижелі боларын тілге тиек етті. Сағи Алдабергеновтың айтуынша, құқық қорғау саласы ардагерлерін жастар тәрбиесіне тартқан жөн. Әсіресе, формадағы ардагердің мектептің тентектерін тәртіпке салуда оң әсері болатыны анық.
Валентина Шарина, Сапура Мусина ардагерлер ұйымдары қалалық әкімдік тарапынан қажетті деңгейде қолдау күтетінін, қалада шоғырланған өндірістік ұйымдармен байланысты нығайтуда әкімдік өкілдерінің ықпалы қажеттігін, жастар өкілдерінің ардагерлер кеңесімен тығыз қарым-қатынасы бақылауда болуы керектігін сөз етті. Бұл ретте «Зенит» зауыты басшылығының ардагерлерге көзқарасы мен қолдауы көпке үлгі. Зауыттағы ардагерлер ұйымының төрайымы Светлана Сосновских ұйымның тынысы туралы таныстырып, сонау 1947 жылы П.Атоян басшылық еткен кезеңнен бастап қызмет еткен зауыттықтар туралы ақпарат сақталғанын және қазіргі зауыт басшылығының ардагерлерге құрметі айрықша екенін атап өтті. Ай сайын тұрақты түрде бас қосатын ардагерлер мейрамдарды да қазіргі ұжыммен бірге атап өтуді дәстүрге айналдырған. Дегенмен, Светлана Алексеевна Қазақстан кәсіпорындарының арасынан жалғыз Ұлы Отан соғысының 1-дәрежелі орденімен марапатталған «Зенит» зауытының 9 мамыр мейрамында ескерілмейтініне қынжылысын білдірді.

2020 жылы эпик ақын Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығы. Осыған орай жерлесімізге құрмет ретінде Жазира шағынауданына есімін беру ұсынылды. Сол ауданнан ақынның атында саябақ ашылып, бьюст орнатылса құба-құп. Кеңес бірнеше жылдан бері ардагерлер кеңесі активі мүшелерінің қалалық қоғамдық көлікте тегін жол жүруіне мүмкіндік жасау қажеттігін айтып келеді. Бірақ, бұл мәселе де оң шешімін таппай тұр.
Басқосуды қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қорытындылады. Ардагерлер тарапынан қозғалған әр мәселеге жекелей тоқталып, ескерусіз қалмайтынына сендірді. Сондай-ақ ел игілігі мен дамуы жолында аянбай еңбек етіп, ардагерлер кеңесі жұмысын алға жетелеудегі еңбегі үшін Кенжебай Нығмет пен Сағи Алдабергеновке Батыс Қазақстан облысы әкімінің алғыс хатын табыс етті.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда

Кіру
Пікір үстеу