8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Желтоқсан 2018 3334 0
Жалын

АРАЙЛЫМ «ҮЗДІК СТУДЕНТ – 2018» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

           Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Радиоэлектроника және телекоммуникация» мамандығының студенті, университеттің студенттік ректоры  Арайлым Айтқалиева   «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің ұйымдастыруымен республиканың барлық аймағын қамтыған «Үздік студент – 2018» жобасының жеңімпазы атанып, қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтың қолынан диплом алды. Сондай-ақ «Жас қыран» республикалық талантты жастардың ІІ кітап жинағына енді.

      

      Талапты жас Арайлым Әділжанқызы Шыңғырлау ауданына қарасты Белагор ауылының тумасы. 2016 жылы қаладағы №44 орта мектепті тәмамдаған ол қазіргі заман талабына сай мамандар даярлайтын «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінде білім алуды жөн көріпті. Бүгінде оқу орнының «Радиоэлектроника және телекоммуникация» мамандығында білім алып жүрген ол қоғамдық жұмыстарға да белсенді атсалысады. Күні бүгінде университеттің студенттік ректоры, сондай-ақ тәрбие ісі жөніндегі маман қызметінде қосымша жұмыс атқарып жүр. Талапты жас ағымдағы жылдың 12 сәуірінде «Ғылым қызметкерлері күні» аясында Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университеті өткізген студенттер мен жас ғалымдардың «Ғылым және Білім – 2018» ХІІІ халықаралық ғылыми конференциясында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталса,  Қарағанды қаласында өткен «Наука и молодежь: новые идеи и решения» ІV халықаралық студенттер мен магистранттар конференциясында І орынды жеңіп алған. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған техникалық пәндер кафедрасының «ЭКСПО – 2017» көрмесі қарсаңында инновациялық ойлар мен техникалық ұсыныстар» апталығына үздік жоба ұсынып, жеңімпаз атанған. Сол секілді облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жастар саясатының дамуы мен өркендеуіне қосқан елеулі үлесі үшін Алғыс хатпен марапаттаған.

Арайлым отбасында үш баланың ортаншысы. Жастайынан өнер-білімге құштар қыз ата-анасы мен ұстаздарының өзіне артқан үмітін ақтау – парызым дейді. Әкесі Әділжан мен анасы Гүлсара жас та болса ойы ұшқыр, талабы таудай қыздарының болашағынан зор үміт күтеді.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
352 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
440 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
496 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
508 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
558 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
777 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
808 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
759 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
711 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
755 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
937 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»