8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Қаңтар 2021 1291 0
Өзек

ҚАР ЖАУҒАНДА ЖОЛ САЛҒАН

Қыстың көзі қырауда жаяу жүргіншілер жолын салып, кеспетас төсеген мердігердің ісі енді сотта қаралады. Орал қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің өкілдері тапсырылған жұмысты уақытылы орындамаған кәсіпкерді осылай жауапқа тартпақ. Ал мұнымен келіспеген мердігер заң органдарына шағымданбақ.

Ақ қар, көк мұзда жолға тас төсеген жұмысшыларды көрген тұрғындар наразылығын білдіріп, тіпті видеоға да түсіріпті. Олар қыста салынған жолдың көктемде қармен бірге еріп кететінін айтып ашулы. Ал кәсіпкер бұл жолдың жобада жоқ екендігін жеткізді. Яғни, қалалықтарға тегін жол салып беріп, сыйға тартпақ болған. Бірақ тұрғындар бұл «ізгі ниетін» дұрыс түсінбей қалыпты.

– Осы аумақтағы жөндеген жолдан артық қалған өрнектастың біраз бөлігін біреулер ұрлап кетті. Сосын қалған тасты осы жерге төсеп тастадық. Бұған бюджеттен ақша шықпайды. Тротуарды талапқа сай жасадық, жолдың астын жазда нығыздап қойғанбыз,- деді мердігер мекеме басшысы Сефа Азизов.

Ал қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі мұнымен келіспейді. Олардың сөзінше, өз міндеттемесін уақытылы орындамаған мердігер жауаптан осылай жалтарып отыр. Сала мамандары атап өткендей, енді бұл іске төрелікті сот айтатын болады.

– Мердігер мекеме аталған нысанды уақытында аяқтамаған. Сол себепті қыстың кезінде жұмыстарды жүргізіп, мемлекетке тапсырғысы келген. Алайда құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталмауына орай, бүгінгі күні біз бөлімнің атынан сотқа талап арыз жолдадық. Ақпан айында сот шешімі шығатын болады,- деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Аслан Даубаев.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі келісімшартта көрсетілген 80 миллион теңгенің 20 миллионын төлемеген. Уақытында орындалмаған жұмыстың ақысын олар осылай бағалап отыр.

Былтыр Орал қаласында күрделі жөнделуі тиіс 30 жолдың 18-ін тапсырыс беруші мекеме қабылдап алыпты. Қалған жұмыстар биыл аяқталуы тиіс. Ал межелі мерзімге үлгірмеген екі кәсіпорынның ісі сотқа беріліп, келісімді орындамаған тағы екі мердігерге 5 миллион теңге айыппұл салыныпты.

Айнара ИСА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»