8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қаңтар 2019 2223 0
Өзек

ҚАР ҚҰРСАУЫНАН 7 КӨЛІК ШЫҒАРЫЛДЫ

Ауа райының күрт бұзылуына байланысты бүгін, 12 қаңтар күні сағат 9.00-ден бастап 16.00-ге дейін Батыс Қазақстан облысында бірқатар жолдар жабылған болатын. БҚО ТЖД Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі басқармасы 4 СМС-жіберілім жасады. Алайда, ескертуге қарамай, кейбір облыс тұрғындары жолға шығып омбы қарға кептеліп қалған. БҚО ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп қар құрсауынан 7 жеңіл автокөлігін шығарды.

Нақтырақ айтқанда,  сағат 10.00 шамасында «Тасқала-Орал» автожолының 5-ші шақырымында ТЖБ (1 қызметкер), ЖАО (1 жұмысшы, 1 тех.), «Қазавтожол» ЖШМ (2 қызметкер жəне 2 техника) күштері тазартылған жол бөлігіне қарға кептеліп қалған 5 жеңіл автокөлікті тартып шығарды. Бұл көліктерде 13 адам болған. Барлығы дін аман. Медициналық көмекке жүгінген жоқ.

Сондай-ақ сағат 12.00 шамасында «Тасқала-РФ шекарасы» тас жолының  7  шақырымында ТЖБ (1 қызметкер), ЖАО (1 жұмысшы, 1 тех.), «Қазавтожол» ЖШМ (1 қызметкер жəне 1 техника) күштері тазартылған жол бөлігіне қарға кептеліп қалған 2 жеңіл автокөлікті  тартып шығарды. Көліктерде 10 адам болған.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыс аумағындағы автожолдарда әлі де қауіп бар екенін ескерте отырып, Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қатты жауын-шашын кезінде алыс жолға шықпауларыңызды сұрайды!

Айта кетейік, күні бұрын облыс аумағында қатты жауын-шашын болатыны ескертілген болатын. 

   

Жәдігер ҚҰСАЙЫНОВ, БҚО ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
352 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
440 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
496 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
508 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
558 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
777 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
808 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
759 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
711 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
755 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
937 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»