8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қаңтар 2023 2842 0
Бәрекелді!

Аман болыңдар, Айдана, Айзада,Айназ!

Осы жылдың қаңтардың 3- і күні облыстық перинатарлық орталықта үшем дүниеге келген еді. Сол уақыттан бері дәрігерлердің қарамағында болған Айдана, Айзада, Айназ есімді үшемдер аналары Жадыра Іңкәріваны перзентханадан шығарып алуға бүгін түсқайта тума-туыстары, достары, ағайындары жиналды.Осындай қуанышты сәтте үшемдердің әкесі Талап Боранғалиевты сөзге тартқан болатынбыз.
-Үш қызыма дейін үш ұл-қызымыз бар болатын. Енді міне, көпбалалы отбасы атандық. Негізі тұқымымызда үшемдердің дүниеге келуі кездеспеген. Бұл Алланың сыйы деп ойлаймын. Жұбайым Жадыра ерекше тосынсый жасады. Бүгінгі жас нәрестелерімді тумаларымыз және нағашы әжелері шығарып алуда. Қыздарыма әжелерінің жолын беріп, тұла бойлары жақсы қасиеттерге толы болып, аман-есен өссін,-деген тілектемін. Осыдан 10 жыл бұрын Теректі ауданының Шағатай ауылынан Зашаған кентіне отбасымызбен қоныс аударған болатынбыз. Бүгінде екі пәтерлі үйде тұрып жатырмыз. Қуанышымызды бөлісіп келген барлық тілеулес адамдарға алғысым зор-, деді үй иесі Талап.
Бұдан соң үшемдердің жаңадан туған сәбилер бөлмесінен акушерлердің қатысуымен шығару рәсімі өтті. Жүздері қуаныштан бал-бұл жанған әкесі Талап Боранғалиев алғаш боп жұбайы Жадыра Іңкәріваны құттықтап, гүл сыйлады. Содан кейін нәрестелер патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі Әсел Негметова журналистерге сұхбат берді. Оның айтуынша, сәбилердің салмағы 2 кг 300гр, 2кг 400гр, 2кг 700 болған. 2022 жылы жалпы саны 6116 сәби аталмыш орталықта өмір есігін ашты. Соның ішіндегі шала туылғандар-507. Ең төмен салмақта 700 грамм болыпты. Екі егіздер саны-76. Үшемдер саны-2. Негізі, Ақжайық ауданынан бір үшем бар. Соны қосқанда, өткен жылғы үшемдер саны үшеу. Қазіргі жағдайда ана мен сәбилердің жағдайы қалыпты. Қаладағы 6 перзентханаға ауыстырылып жатыр,-деді Әсел Негметова.
Гүлжан АЯЗБАЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»