8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Тамыз 2023 1947 0
Қалалықтар қаперіне

Алты есірткі қылмысының жолы кесілді


Облыста 24 мен 28 шілде күндері аралығында «Дәрмек-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді.

Іс-шара жүргізу барысында БҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 6 есірткі қылмысының жолын кесті. Оның ішінде: аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сақтаудың 3 фактісі, құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің 2 фактісі және өсімдіктер мен есірткінің синтетикалық түрлерін өткізудің 1 фактісі анықталды.

Нәтижесінде 13 медицина қызметкері және өнеркәсіптік кәсіпорындардың 2 қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осылайша, ағымдағы жылдың 26 шілдесінде «Дәрмек» профилактикалық ісшарасы барысында БҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Орал қаласы аумағында жүргізген іс-шара барысында 1983 жылы туылған қала тұрғынын анықтап, ұстады.

Оның тұрғылықты жері бойынша 22 дана сұр-жасыл түсті, ерекше иісі бар зат салынған сіріңке қораптары табылып, тәркіленді.
Сондай-ақ, 36 жасар қала тұрғынының үсті-басын тексеру кезінде арнайы спецификалық иісі бар сұр-жасыл түсті заты бар орама қағаз, үйді тінту кезінде 41 дана 12 калибрлі патрондар тәркіленді. Бұл заттар сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»