14 Қаңтар 2022 1777 0
ҚоғамАЛМАТЫДАҒЫ АЛАСАПЫРАН КЕЗІНДЕ МЕРТ БОЛҒАН ОФИЦЕРДІҢ ДЕНЕСІ ОРАЛҒА ЖЕТКІЗІЛДІ
Марқұмның денесі әскери ұшақпен қала әуежайына жеткізілді. 35-ші гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы командирінің орынбасары Сәндібек Қайыровпен қоштасуға туыстары, әскери әріптестері мен жерлестері келді.
Ол кісі біздің жауынгер жолдасымыз, офицер, өзіне сеніп тапсырылған бөлімшеге бас болған мықты адам. Ол өз өмірін қатерге тігіп, соңына дейін қауіпсіздіктің шебінде тұрды. Қазақстандықтар үшін бұл орны толмас қайғы. Ол кісінің бейнесі біздің жадымызда мәңгі сақталады.ҚР Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары Раджан Жанысов
«Мой город » порталы хабарлағандай, өңір басшысы Ғали Есқалиев қазаға байланысты көңіл айтты.
Алдында Алматы қаласында 35-ші гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасы командирінің орынбасары подполковник Қайыров Сәндібек Ғалымоллаұлымен қоштасу рәсімі өткені хабарланған. Ол шабуыл жасалған қала әкімдігінің ғимаратынан әскери қызметшілерді шығарып үлгерген, бірақ өзі аман қала алмады.
Алматы әкімі марқұм БҚО тумасының отбасына пәтер беруге уәде берді.
https://kaz.zakon.kz/6001492-almatydagy-alasapyran-kezinde-mert-bolgan-ofitserdin-denesi-oralga-zhetkizildi.html
Соңғы жаңалықтар
Өзек
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
05 Желтоқсан 2025
43 0
Медицина
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
04 Желтоқсан 2025
120 0
Өзек
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды
02 Желтоқсан 2025
150 0
Өзек
Өңірлерді қолдау күшейеді: 2026-2028 жылдарға арналған трансферттер инфрақұрылымды дамытуға бағытталады
22 Қараша 2025
459 0

Кіру
Пікір үстеу