8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Маусым 2019 1599 0
Қоғам

Алик Шпекбаев Түркия Елшісімен кездесті

10 маусымда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Түркияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уяныкпен кездесті.

Түркия елшісі Қазақстандағы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ілгерілмелі қозғалысты атап өтті, екі жақты қарым-қатынастарды дамытудың маңыздылығына баса назар аударды.

«Біз Қазақстанның қалай дамып жатқанын көріп отырмыз. Тәуелсіздік алған сәттен бастап аз уақыт ішінде Қазақстан тиімді мемлекеттік аппарат құруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Түркия арасында тығыз сауда-экономикалық қатынастар жолға қойылған. Біздің сауда-экономикалық қарым-қатынастарымыз соңғы 15 жылда $3,5 миллиардқа жетті. Біз екі ел арасындағы одан әрі жемісті ынтымақтастықты күтеміз», – деп атап өтті Елші мырза.

Түрік дипломаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және электрондық үкіметті енгізу саласындағы Қазақстанның оң жетістіктерін ерекше атап өтті.

«Қазақстан сервистік мемлекетті құруда серпіліс жасап, электрондық үкіметті енгізу мен дамыту,  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну процестерін жетілдіру бөлігінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді», – деді Елші мырза.

Өз кезегінде Агенттік Төрағасы Түркиямен ынтымақтастық Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын ерекше атап өтті.

«Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас өзара достықта, бауырластық пен сенімде негізделген. Біздің есігіміз инвесторлар үшін ашық. Барлық қолжетімді ресурстарды пайдалана отырып, біз кәсіпкерлер мен инвесторларды төрешілдіктен және олардың қызметіне заңсыз араласудан қорғауға барынша жәрдемдесетін боламыз», – деді А. Шпекбаев.

Агенттік басшысы инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге бағытталған бизнес пен инвестицияларды қорғау жөніндегі жобаның жұмысы туралы айтып берді.

Елші мырза Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан түрік бизнесмендерінің инвестициялық жобалары туралы айтып, Агенттіктің осы бағыттағы қызметіне ерекше қызығушылық білдірді.

«Олардың одан әрі дамуы серіктестердің тарапынан бизнесті адал жүргізумен тікелей байланысты болады», – деп атап өтті ол.

Кездесу қорытындысы бойынша Невзат Уянык Агенттік басшысына көрсетілген қабылдау үшін алғысын білдіріп, жан-жақты ынтымақтастыққа дайын екендігін айтты.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»