АЛДАП, ТЕЛЕФОНЫН АЛЫП КЕТКЕН…
Өңірде телефон ұрлығы тыйылмай тұр. 7 шілдеде полицейлер жасөспірімді алдап, телефонын алып кеткен тағы бір алаяқты ұстады.

Белгісіз тұлға өзгенің сеніміне кіру арқылы 2002 жылғы жасөспірімге тиесілі «Самсунг Галакси» маркалы ұялы телефонын танысыма хабарласамын деп сұрап алып, алаяқтыққа жол берген. Мектеп жасындағы баланың телефонын олжалаған жігіттің жымысқы ойы ұзаққа бармады. Жедел іздестіру шаралары барысында басқарманың криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері сұрастыра келе, күдікті деп 1993 жылғы азаматты ұстады. Полицияның құрығына ілінген бұл күдікті жасөспірімді алдап, ұялы телефонын алып кеткенін, ілезде оқиға орнынан жасырынғанын өзі баяндап берді. Осылайша, «Кабачок» саяжай қоғамы №10 үй тұрғыны ұсталды. Қазір Абай Пб ҚР ҚК 190-бабың 1-бөліміне сай істі тергеуде.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу