13 Мамыр 2019 1541 0
ҚоғамАЛДАҒЫ КҮНДЕРІ АУА РАЙЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

Қазақстанның бірнеше облысында күн күркіреп, жаңбыр жауады, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК өкілдері.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады екен. «Осыған байланысты республиканың батысы, солтүстік-батысы, солтүстігі, шығысында атмосфералық фронталды бөлімдер өтеді, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, шығыста дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстік – батыста тұман түседі», – делінген хабарламада. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, күндіз найзағай, дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін. Алматы облысында – Жалаңашкөл ауданында секундына 20-25 метр жел күшейеді. Павлодар, Түркістан, Атырау, Қостанай облыстарында күн күркіреп, секундына 15-20 метр жел соғады. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр болып, шаңды дауыл тұрады. Маңғыстау, түнде Ақмола, күндіз Жамбыл, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Өзек
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
05 Желтоқсан 2025
34 0
Медицина
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
04 Желтоқсан 2025
120 0
Өзек
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды
02 Желтоқсан 2025
150 0
Өзек
Өңірлерді қолдау күшейеді: 2026-2028 жылдарға арналған трансферттер инфрақұрылымды дамытуға бағытталады
22 Қараша 2025
459 0

Кіру
Пікір үстеу