8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қараша 2018 2433 0
Қалалықтар қаперіне

АЛАЯҚТАРҒА АЛДАНЫП ҚАЛМАҢЫЗ

Биыл Батыс Қазақстан облысында 655 алаяқтық фактісі тіркеліп,  435-іне қатысты қылмыстық іс қозғалған. 2017 жылдың 10 айында 709 алаяқтық фактісі тіркелген, оның 540 бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Адамзат баласын  әбігерге салып, материалдық және моральдық тұрғыдан әжептәуір зиянын әкелетін қылмыс түрі соңғы кездері жиі тіркелуде.  Бұл – алаяқтық фактілері.  Соңғы күндері  тіркелген  жедел мәліметтерге жүгінсек, үйіңізге  сәп-сәнді жиһаз жасап әкеліп беремін немесе ұялы телефоныңызбен хабарласамын деген сылтаумен азаматтарды алдап соққан алаяқтардың жымысқы ойлары тіркелді. Мәселен, 19 қазанда еш жерде жұмыс жасамайтын, 1988 жылы туылған белгісіз тұлға азғантай уақыт аралығында үй жиһазын жасап беремін деп Оралдық азаматшаның сеніміне кіріп, 217 мың теңгесін санап алып бой тасалаған. Алайда, алаяқ деп танылған тұлғаның теріс ниеті алысқа бармады. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде «жиһаз жасағыш» жігіт ұсталып, оның жеке басы туралы деректер жинақталды.

24 қазан күні тәуліктің екінші жартысында белгісіз тұлға «Кірпіш зауыты» ауданында сенімге кіру арқылы өзгенің «Айфон-7» маркалы ұялы телефонын сұрап алып, танысына хабарласпақшы болған. 1989 жылғы телефон иесіне сол мезетте 150 мың теңге шығын келген еді. Полицияға уақытылы хабарласуы нәтижесінде қымбат ұялы телефонды иемденіп, алдап алған алаяқ  азаматша ұсталды. Келтірілген алаяқтық фактілеріне қатысты қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

      Алаяқтыққа барып, ішкі арам ойын жүзеге асыруды көздеген тұлғалардың қармағына қарапайым азаматтардың түсіп, соңынан алданғанын сезіп, санын соғып жатқандары аз емес. Кейбірінің ойдай сеніміне кіріп, жинап отырған   бірнеше мың  теңгесін қымқырып әкететіндері тағы бар.

Сол себепті облыс пен қала тұрғындарының алаяқтарға алданып қалмауларын, жалған телефон шалушылардан сақ болуларын  сұраймыз.

 Орал қ.ПБ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
351 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
438 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
494 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
506 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
556 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
300 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
774 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
806 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
757 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
709 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
753 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
935 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»