8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Тамыз 2021 1329 0
Қоғам

ҚАЛА ӘР ТҰРҒЫНҒА ҚОЛАЙЛЫ БОЛУЫ КЕРЕК

Осы мақсатта Орал қаласында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

11 тамыз күні қала әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағларламалар бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары «Арба» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен бірге қала көшелеріне шығып, жаяу жүргіншілер жолының халықтың ұтқырлығы шектеулі тобы үшін қолайлылығын назарға алды.

Зерделеу жұмысы Орал теміржол вокзалы аумағынан басталды. Вокзал аумағы жуырда ғана жаңартылып, асфальтталған болатын. Алайда, жаяу жүргіншілер өткеліне түсетін тұста арбамен жүрушілерге қолайлы болуы ескерілмеген.

Н.Назарбаев даңғылының бойы, Назарбаев даңғылынан қалалық мәдениет және демалыс саябағына дейінгі  Ахмедияр Құсайынов көшесінде тротуарлардың тегіс және еңістігінің талапқа сай болуы қадағаланды. Назарбаев даңғылының бойында  жаяу жүргіншілер жолымен жолдың екінші бетіне өтуде кедергілер көп байқалмады. Ал қалалық демалыс саябағы бағытындағы тротуар бойынша жөндейтін, ретке келтіретін орындар бар.

Мүгедектер арбасымен қозғалатын қала тұрғындарының бірі – Қайрат Нұғманов. Күніге қала көшелерімен бірнеше шақырымды жүріп өтетін ол жолдың қай тұсында кедергілер бар екендігін бес саусағындай жаттап алған.

– Теміржол вокзалынан Жеңіс алаңына дейінгі Назарбаев даңғылы бойымен күнде қозғаламын. Вокзал мен Киров аялдамасы аралығында кедергілер кезедесді. Одан әрі қарай жақсы.  Жалпы тротуарлармен түсетін беткей болмаса, автокөлік қозғалатын орталық жолға шығуымызға тура келеді. Ал бұл – қауіпті. Жолдың екінші жағына өтер болсақ, жаяу жүргіншілер жолына түсетін жер биік болып, тағы да қиындыққа тап келеміз. Емханаларға пандустар жасалды, дегенмен барлығында емес. Сонымен қатар шақыру түймелері жоқ, – дейді Қайрат Нұғманов.

Қала басшысының орынбасары Ерлан Ғалиев атап өткендей, ұтқырлығы шектеулі топтарға жайлы, қолайлы орта қалыптастыруда жұмыстар жүргізілуде. Ал бұл күні анықталған кедергілер ескеріліп, біртіндеп ретке келтіру жұмыстары жүргізілмек.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»