8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Қыркүйек 2018 3606 0
Қалалықтар қаперіне

Қала күніне тарту көп

«Қала күні» мерекесі 3-15 қыркүйек аралығында кең көлемде аталып өтпек. Басты шаралар 8 қыркүйекке жоспарланған.

Д.Нұпейісова көшесіндегі арбатта Бөрлі, Қазталов, Ақжайық, Жаңақала  аудандары қолөнер шеберлеренің қатысуымен «Ақжайық – шеберлер қаласы» атты қолданбалы өнер жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке 3 қыркүйек күні салтанатты түрде ашылып, 8 қыркүйекке дейін жалғасады.


Өткен жылы алғаш рет ұйымдастырылған «Жайық сазы» дәстүрлі өнер фестивалі биыл 3 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Қала күні» мерекесі аясында өтеді. Оған Батыс Қазақстан облысының өнерпаздарымен қатар Алматы, Астана, Ақтөбе, Атырау қалаларынан өнер шеберлері қатысады.

Гагарин кинотеатрында «Қазақстан киносының апталығы» кинофильмдер көрсетілімі жоспарлануда. Яғни, 3-8 қыркүйек аралығындағы апталықта соңғы жылдары көрермендерге жол тартқан балаларға, жастарға, әртүрлі жастағы көрермендерге арналған  қазақ және орыс  тіліндегі Қазақфильм АҚ кинокартиналары ұсынылады.  Сонымен қатар кішкентай көрермендерге отандық мультфильмдер көрсетілмек.

Фильмнің атауы  Түрі Күні Уақыты
Ради будущего Жастарға арналған фильм 3 қыркүйек 15.00
Жеңіс семсері Балалар фильмі 4 қыркүйек 12.00
Меч Победы Балалар фильмі 4 қыркүйек 14.00
Ради будущего Жастарға арналған фильм 4 қыркүйек 16.00-18.00
Қошқар мен теке 1,2

Көксерек

Мультфильмдер жинағы 5-6 қыркүйек 12.00-14.00
Голос Степей Әр түрлі жастағы көрермендер үшін 5-6 қыркүйек 16.00
Рывок Жастарға арналған фильм 5-6 қыркүйек 18.00
Біздің қаланың ханзадасы Фильм 7-8-9 қыркүйек 12.00-14.00
Книга Әр түрлі жастағы көрермендер үшін 7 қыркүйек 16.00
Аманат Әр түрлі жастағы көрермендер үшін 7 қыркүйек 18.00
Жаңғақ тал Әр түрлі жастағы көрермендер үшін 8-9 қыркүйек 16.00
Жол (Путь боксера) Жастарға арналған фильм 8-9 қыркүйек 18.00

4 қыркүйекте Орал қаласы әкімінің кубогы үшін КТК ойынын өткізіледі. Оған Орал қаласынан – сегіз және Алматы, Қызылорда, Ақтөбе қалалары және Маңғыстау облысының командалары қатысады. КТК көрермендерін Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатры кешкі 19.00-де күтеді.

6 қыркүйек күні кешкі 19.00-де аталмыш амфитеатрда «Орал – Опера» классикалық музыка кеші ұйымдастырылуда. Бұл жерде Халықаралық конкурстардың лауреты, «Астана Опера» театрының солисті Айзада Капонова, БҚО камералық оркестр, Батыс Қазақстан облысы әкімінің эстрада-симфониялық оркестрі және Орал қалалық скрипкашылар ансамблі өнер көрсетеді.

7 қыркүйек күні Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында оралдың сұлулары арасынан «Жайық Аруы – 2018» аталымының иегері таңдалмақ.

Дәл осы күні Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында «Сәлем, Астана» гала-концерті болады. Осы кезге дейін «Туған жер» бағдарламасы аясында апта сайын мерекелік концерттерде өнер көрсеткен БҚО аудандарынан үздік деп танылған орындаушылар қаламызды туған күнімен құттықтайды.

7-13 қыркүйек аралығында  Әйтиев атындағы спортзалда 7-13 қыркүйек аралығында «Достық-Дружба» халықаралық воллейболдан турнир ұйымдастырылады. Спорттық шараға Түрікменстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Украина, Белоруссия, Башқұртстан, Татарстан елдерінен және республикамыздың қалаларынан командалар қатысады деп күтілуде.

«Қала күні – 2018» мерекесі аясында 8 қыркүйекте Абай алаңында кешкілік би кеші өтпек. Бұған TimeScOVER ұжымы, Батысstar, Step-ap би ұжымдары, танымал диджейлер, қалалық өнер шеберлері мен ұжымдары қатысады. Бағдарлама барысында қалалық «Мисс Уральск» байқауының жеңімпазы мен жүлдегерлері марапатталады.

М.Ықсанов көшесіндегі сенбілік дәстүрлі ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі де «Қала күні» мерекесі аясында өтеді. Дина Нұпейісова көшесіндегі Арбат бойында «Променад» бағдарламасымен гүлдер көремесі, сәндік-қолданбалы өнер жұмыстарының көрмесі, «Оқитын қала», «Буккроссинг» (кітап сөйлейді) акциялары және  армреслинг, шашка, шахмат, тоғызқұмалақ, асық ойындарынан спорттық сайыстар, «STREET WORKOUT», «Биле, Орал» фестивалі өтеді.

8 қыркүйекте Тұңғыш Президент алаңында дәстүрлі «Сапалы өнім – 2018» шарасы өтеді. Бұған облысымызд 18 азық-түлік өндірушілері қатысады. Көрмеде алты бағыт бойынша экспозиция ұсынылады. Олар – ет өңдеу, нан мен кондитерлік өнімдер, су және шырындар, тауық еті, жұмыртқа, күнбағыс майы.

Осы күні Жеңіс алаңында  Жайық өзеніне бекіре тұқымдас балықтарды жіберу рәсімі ұйымдастырылады.

– Қазіргі уақытта  қаладағы «Әмбебап дүкен» ауданында «Туған жер» бағдарламасын аясында Орал қалалық мәслихат депутаты В.Голоухов өз қаражаты есебінен тынымбақты абаттандыру жұмысын жүргізуде. Бұл тынымбақ 8 қыркүйекте салтанатты түрде ашылады. Сондай-ақ қайырымдылық жартылай марафоны өтеді. Ол, 5, 10, 21 қашықтықтар бойынша ұйымдастырылуда. Марафон 15 қыркүйек күні 8.00-де П.Атоян атындағы стадионнан басталады, – дейді қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов.

8 қыркүйек күні кешкі 20.00-де П.Атоян атындағы стадионда «Қала күні – 2018» атты Қазақстан эстрада жұлдыздарының және өңіріміздің өнерпаздарының қатысуымен концерт пен мерекелік отшашу өтеді. Кешті Тәуекел Мүсілім жүргізіп, эстрада жұлдыздарынан Айдана Меденова, Олжас Абай әндерін тарту етпек.

Билеттер алдын ала стадион кассасында тегін таратылады.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
352 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
440 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
496 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
508 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
557 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
777 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
808 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
759 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
711 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
755 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
937 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»