8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Наурыз 2022 2314 0
Дені сау ұлт

АЛАҢДА БАТАЛЬОН КОМАНДАЛАРЫ БАҚ СЫНАДЫ

Жуырда  қаладағы «Нарын» спорт кешенінде Орал қаласының ПБ Патрульдік полиция батальоның жеке құрамынан жасақталған командалар  арасында шағын футболдан жарыс өтті. Жеке құрам арасында салауатты өмір салтын ұстану, тәртіп сақшыларының физикалық дайындығы мен спорт шеберлік деңгейлерін көтеруді мақсат тұтқан аталмыш жарыс батальон командирі полиция подполковнигі Берік Молдашевтің бастамасымен жүзеге асты. Жарыстың қызықты өткені сондай, әр команда жеңіс үшін бар күш-жігерлерін салып бақты. Жеңімпаз командаларға грамоталар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Берік Молдашев, Орал қ.ПБ ППБ командирі полиция подполковнигі,бас төреші:

Үміттерін үкілеп келген командалардың  дайындығы жоғары. Спорт — дене мәдениетінің бір бөлігі.  Бұл айтулы шараның біздің әскери күштерімізге берері мол деген ойдамыз. Кімнің жеңімпаз болатыны алдағы уақыт енішісінде.

Сонымен, жарыс қорытындысында 1-орынды Орал қаласының ПБ патрульдік полиция баталонының 6 взвод  командасы жеңіп алды. Взвод командирі полиция аға лейтенанты  Р. Қажгалиевке команданы дайындағаны үшін зор алғыс айтылып, грамота мен сыйлықтар тапсырылды.  2-орынды кавалериялық взводынан  құралған команда иеленді жане взвод командирі полиция капитаны Ж.Дүитовке де команданың шымыр жігіттерін ширатып алаңға алып шыққаны үшін алғыс білідіріп, грамота берілді. 3-орынды  1 взвод командасы місе тұтты. Взвод командирі полиция  аға лейтеанты Р.Ғұсмановқа да арнайы грамота және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, жеңіске деген жігері  мен ұмтылысы үшін «Үздік қақпашы»  номинациясын полиция кіші сержаньты Д.Азаматов иеленсе «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша  полиция кіші лейтенанты А.Шаппазгереевке ұсынылды.

Гүламан Исмағұлова

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
558 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
755 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
937 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»