Қала бойынша 109 лагерь жұмыс істейді
Жалпы, қала бойынша 109 лагерь жұмыс істейді. Оның ішінде бір маусымдық лагерь, үш шатырлы лагерь, 51 мектеп жанындағы тамақтандыру ұйымдастырылған лагерь және 54 тамақтандыру ұйымдастырылмаған лагерь бар.

Балалардың басым бөлігі мектеп жанындағы лагерьлерде демалады. Қаланың 51 мектебінде тамақтандыру ұйымдастырылған лагерьлерде 18 046 оқушы, ал 54 мектепте тамақтандыру қарастырылмаған күндізгі лагерьлерде 40 978 бала жазғы демалысын өткізеді.
Жазғы демалысты ұйымдастыру бірнеше бағытты қамтиды. Атап айтқанда, мектеп жанындағы күндізгі лагерьлердің жұмысы, қала сыртындағы сауықтыру лагерьлері, бейіндік және тақырыптық ауысымдар, қосымша білім беру ұйымдарының іс-шаралары, әлеуметтік маңызы бар жобаларға қатысу, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша мәдени-көпшілік және спорттық шаралар өткізу жоспарланған.
Сонымен қатар, әлеуметтік қолдауды қажет ететін балалар назардан тыс қалмайды. Әлеуметтік осал топтағы және өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлініп, олардың қауіпсіз әрі сапалы тынығуына барлық жағдай жасалады.
257 оқушы өзге өңірлерге экскурсияға барады
Жазғы демалыс кезінде оқушылардың туған елдің тарихы мен мәдениетін тереңірек танып-білуіне мүмкіндік беру мақсатында республиканың ірі қалаларына танымдық экскурсиялар ұйымдастыру жоспарланған. Әр мектептен жекелеген санаттағы оқушылар қатысатын бұл сапарлар жасөспірімдердің дүниетанымын кеңейтіп, тарихи-мәдени мұраларға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Мұндай тағылымды сапарлар өскелең ұрпақтың ел тарихын танып, туған жерге деген сүйіспеншілігін нығайтуға ықпал етеді.
Экскурсия аясында оқушылар еліміздің тарихи және мәдени ескерткіштерін аралап, музейлер мен көрікті орындарды тамашалайды. Жоспарға сәйкес, Астана қаласына – 69, Алматы қаласына – 80, Шымкент қаласына – 49 және Түркістан қаласына – 49 оқушы барады. Осылайша өңіраралық танымдық экскурсияларға барлығы 257 оқушының қатысуы көзделіп отыр.
Бұдан бөлек, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардан шыққан балалардың жазғы демалысына да ерекше көңіл бөлінген. Бурабай курорттық аймағындағы сауықтыру лагерьлерінде аз қамтылған, көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан 120 баланың демалысы ұйымдастырылады. Бұл бастама балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың жазғы демалысын мазмұнды әрі пайдалы өткізуіне мүмкіндік береді.
Аталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін 2025 жылы бюджеттен 103,4 миллион теңгеден астам қаржы қарастырылған.
Жалпы алғанда, биылғы жазғы кезеңде 1-10-сынып оқушыларының 97 пайызының жазғы демалысын және бос уақытын тиімді ұйымдастыру шараларымен қамту жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар балалардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың жан-жақты дамуына, жаңа білім мен әсер жинауына жағдай жасайды.
Дәметкен ТАЛҒАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда

Кіру

