8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Қыркүйек 2023 1898 0
Қалалықтар қаперіне

Қалаға бейнебаян тарту етілді

Бүгін, 31 тамыз күні Cinema Park кинотеатрында «Қала күні – 2023» мерекесі аясында шаһарымыздың әнұранына айналған «Туған қалам – Орал» әніне түсірілген бейнебаянның тұсаукесері өтті.

Әннің авторы – композитор, бірқатар өнер жұлдыздары орындап жүрген әндерді жазған Ербол Ақбасов. Сөзін жазған – елімізге танымал ақын, журналист Мұнайдар Балмолда. Тарас Жауынбаев, Аслан Зинеденов, Рүстем Кереев, Дана Жарас, Айдана Орынғалиева, Медет Оразов, Ербол Ақбасов сынды әншілер әсем әнді әуелете шырқап, бейнебаянға түсті.

Шараға қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов және шаһарымыздың құрметті азаматтары қатысты. – Құрметті, қала тұрғындары! Бұл ән – жергілікті әншілеріміз бен тұрғындардың сүйікті әні. Қаланың көрнекті де көрікті жерлерін көрсетіп, ашық-жарқын халқын паш ететіндей бейнебаян түсіруге ұсыныс түсті. Бұл ойды қолдап, бүгінде бірлесе отырып осындай туынды жасап шығардық. Тек қалаға емес, еліміздің түкпір-түкпіріне тарайтын бейнебаян болады деп есептейміз. Тұсаукесер құтты болсын баршамызға! – деп құттыған Мирболат Нұржанов бейнебаянның жарыққа шығуына атсалысқан Мұнайдар Мұхамбетжанұлы, Ербол Жұмагелдіұлы, Наурыз Өтегенұлы мен Алтынбек Бақытжанұлына Алғыс хаттар табыс етті.

Шара соңында ән авторлары мен әнші-композитор Донеділ Қажымов сөз сөйлеп, бейнебаянның маңызын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, қала күніне арналған шаралар 1-9 қыркүйек аралығында өтетін болады.

Дәметкен САҒЫНБАЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»