8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қаңтар 2019 1644 0
Қалалықтар қаперіне

«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ»: ЛАУРЕАТТАР БЕС АТАЛЫМ БОЙЫНША АНЫҚТАЛАДЫ

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры,  Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығы және «Хабар» Агенттігінің бірлескен  «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы жалғасуда. 

Жобаның мақсаты – қайырымдылық идеяларын дәріптеу, белсенді азаматтық бастамаларды дамыту.

Байқауға әлеуметтік, қоғамдық проблемаларды шешуге және өздерінің жомарттығымен басқаларды мейірімділікке ынталандыруға үлес қосып жүрген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

2018 жылғы қарашадан бастап 2019 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде еліміздің барлық өңірінде конкурсанттарды іріктеу жұмысы жүргізіледі. Конкурс жеңімпаздарының есімдері ақпанның соңында – Алғыс айту күні мерекесінің қарсаңында белгілі болады.

Лауреаттар бес номинация бойынша анықталады:

«Асар» (номинация халықтың салт-дәстүрімен байланысты қайырымдылық қызмет көрсететін адамдарға қолдау көрсетуге бағытталған);

«Туған жер» (білім беру, экология және көріктендіру саласында туған өлкеге көмек көрсететін адамдарға беріледі);

– «Мейірім жолында» (аталымға ерікті негізде және тегін көмек көрсететін, игі істер атқаратын адамдар ие болады);

«Батыл жүрек» (номинация ерлік іс жасаған, жанкештілік танытқан адамға қолдау көрсету мақсатында тағайындалады);

«Қайырымдылық тарихы» (номинация БАҚ-та қайырымдылық тақырыбын қозғайтын, қоғамның назарын әлеуметтік проблемаларға аудартатын материалдардың жариялануынын қамтамасыз ететін журналистерге немесе шығармашылық ұжымға беріледі).

Конкурсқа кәсіпкерлік субъектілері және қайырымдылық қызметті  мемлекеттік қолдау арқылы жүргізетін тұлғалар (мемлекеттік грант, мемлекеттік тапсырыс және т.б.) қатыстырылмайды.

Батыс Қазақстан облыыс бойынша өтінімдер Орал қаласы, Ғ. Қараш көшесі, 12 мекенжайында қабылданады. 201-бөлме. 

Үйлестіруші: Әділова Светлана Тлепбергенқызы, тел. 8 777 872 55 58

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»