8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Маусым 2020 1866 0
Қоғам

АЙШЫҚТЫ ЕҢБЕГІМЕН ДАРАЛАНҒАН

23 МАУСЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК  ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ

 


Мемлекеттің идеясын да, саясатын да іске асыратын мемлекеттік қызметкер. Өзінің аты айтып тұрғандай, мемлекет мүддесі жолында тер төгіп жүрген қадірлі жандардың еліміздің өркендеуіне қосып келе жатқан еңбегі орасан. ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің мәліметінше, өңірде 4000-дай мемлекеттік  қызметкер бар. Солардың бірі – мемлекеттік  қызмет саласындағы 35  жылдық еңбек тәжірибесінде турашылдық, тиянақтылық, халыққа адал қызмет ету принциптерін ұстанып келе жатқан БҚО Әділет департаменті әкімшілік бөлімінің басшысы Әлия Қарекесова.

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі қарсаңында білімі мен білігін мемлекеттік қызметке арнаған Әлия Рахымқызымен арнайы тілдесіп, жауапкершілігі зор, мәртебелі қызметі туралы сөз қозғадық. Кейіпкеріміз 1962 жылы сол кездегі Жәнібек ауданының орталығы Жәнібек селосында дүниеге келген. 1969 жылы Бөкейорда ауданының Бисен совхозындағы мектептің табалдырығын аттап, 1979 жылы  үздік бағамен аяқтап шықты. 1979 жылы республикадағы білім ордаларының биік  шаңырағы саналатын Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (ҚАЗМУ) заң факультетіне  оқуға түсіп, 1984 жылы заңгер-құқықтанушы мамандығын алып шықты.

– Әрқашан бірінші кезекте ата-анамның бір сөзбен ғана жеткізуге  болмайтын үлкен тәрбиесі, өскен ортам мен үшін өте қымбат. Жан әкем Рахым Қарекесов ірі мал шаруашылығымен айналысқан. Бисен совхозында ұзақ жылдар бойы совхоздың директоры болды. Анам ұстаздық етті, қазір зейнеткерлік демалыста. Әкем фермаларды,  егістіктерді аралаған кезде мені бірге ілестіріп жүретін. Кішкентай болсам да жұмысшылардың еңбекке деген риясыз адал құлшыныстарын, адамгершіліктерін,   басшыларға деген сенімдерін сөйлескендерінен байқап, көріп өстім. Халықты сыйлау, қарапайым  болу, мақтанбау, әдепті болу – әкемнен үйренген қасиеттерімнің бірі. Бала кезімде елде, әкемнің шаңырағында болған атақты тұлғалар, ақын жазушылар, өнер саңлақтары бәрі есімде. 1969 жылы мен мектепке алғаш барар кезде Бисен еліне атақты ақын Сағынғали Сейітов  ағамыз келген еді. Сол кезде маған:

«Білім жолын аттаған,

Әліппені  жаттаған,

Айналайын, адам бол,

Ана сүтін ақтаған», –  деп бір шумақ өлең арнап, кітабын беріп кеткен болатын.  Он жылдан кейін 1979 жылы Алматыға оқуға түсер алдында ҚазМУ-дің бас оқу корпусының жанында кездейсоқ Сағынғали Сейітов ағамызбен кездестім. Бұл жолы да ағамыз оқуға түсіп кетуіме сәттілік тілеп, ақ тілегін білдірді, – деген Әлия Рахымқызы бала кезден ата-ана тәрбиесінің, игі жақсылардың берген батасының өміріне оң әсерін тигізгенін жеткізді.

Әлия Рахымқызы оқуды бітірген жылы Орал облысының халық депутаттары атқару комитетінің  әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне қабылданып, алғашқы еңбек жолын осы саладан бастады. Ал 1996 жылы Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментіне қызметке тұрған. Міне, сол кезеңнен бері табан аудармастан, мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау органында еңбек етіп, Әділет департаментінің имиджін көтеруге,  дамытуға үлес қосып келеді…

Эльмира НҰҒМАНОВА

Толығырақ «Жайық үні» газетінің 2020 жылғы 18 маусымдағы №23 санынан оқи аласыздар. 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»