8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Қыркүйек 2018 5726 0
Қоғам

ҒАЙСАҒАЛИ СЕЙТАҚТЫҢ ЖАҢА КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты Ғайсағали Сейтақтың «Қасиет қонған қара жер» атты жаңа кітабы жарық көрді. Бүгін Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында ақынның «Мен – Нарынның ұлымын» атты шығармашылық кеші өтіп, жаңа кітаптың тұсауы кесілді.

1978 жылдан басталған өлең өлкесіне ден қойған Ғайсағали Сейтақ «Маңдай», «Аман бол, атамекенім», «Нарынның нар ұлдары», «Ай-арудың алқасы», «Тек пен тамыр», «Жақыным менің – жалпақ ел» жыр жинақтарын жарыққа шығарса, енді міне, шығармашылық еңбегін «Қасиет қонған қара жер» атты кітабымен толықтырып отыр.  Ақын бұл туындысында қазақ жері, атақоныстың қадірін қозғаған. Оқырманға жол тартқан жаңа кітап «Арыс» баспасынан басылған.

Салтанатты рәсімде жаңа кітаптың лентасын облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов, ғалым, «Арыс» баспасының директоры Ғ.Әнес қиып, еңбек ардагері, Қазақстан Республикасының құрметті журналисі М.Қайырғалиев кітап авторына құттықтау лебізін білдірді. Өз сөзінде Ғайсағали Сейтақтың өлеңдері азаматтық парыз, жерді құрметтеу, ел азаматтарын сыйлау сынды парасатты ойлармен ерекшеленетінін айтып, жастарды кітап оқуға шақырды.

Бұдан соң, жиылған поэзиясүйер қауым ақынның шығармашылық кешіне куә боп жырмен сусындады. Кеште ақынның өлеңдеріне жазылған әндер шырқалды. Кеш иесі оқырманға жол тартқан жаңа кітабынан өлеңдер оқыды.

Шараға арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ғайсағали Сейтаққа ізгі лебізін арнап, облыс әкімі Алтай Сейдірұлының және сенатор Бірғаным Әйтімованың құттықтау сәлемдемесін тарту етті. Зерделі сөздің толымды ортасынан құрметін білдіре келген Қазақстан жазушылар Одағы басқармасы төрағасының орынбасары, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Бауыржан Момышұлы атындағы Қызыл жұлдыз» орденінің иегері, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Бақыт Беделхан Одаққа мүше 820 ақын-жазушының атынан құттықтап, сый-сыяпат табыстады. Жазушы-эссеист, әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Тәж-Мұрат, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Арыс» қорының президенті Ғарифолла Әнес, Халықаралық «ҚазАқпарат» агенттігі бас директорының кеңесшісі, жуналист Қанат Мәметқазыұлы, «Жүз жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ақсерік Әйтімов тәуелсіз еліміздің рухани құндылығына қосылған ақынның шығармалар жинағы ел игілігіне, рухы жоғары, білімді ұрпақ тәрбиелеуге қызмет етсін деген жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»