8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Наурыз 2021 1403 0
Қоғам

АГЕНТТІК ӨКІЛДЕРІ КОМПЛЕАНС ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН АТАП ӨТТІ

18 наурызда БҚО-дағы  «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында комплаенс қызметтерін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізілді. Кеңеске өңірге іссапармен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының кеңесшісі  Ж. Жылқышиева, «Парасат жолы» республикалық орталығының басшысы С.Түгел, облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Н. Самет, «Ақжайық адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы А. Салиева, сондай-ақ ірі жеке компаниялары мен әкімдікке қарасты коммуналдық, білім беру және медициналық мекемелердің өкілдері қатысты.

Ж. Жылқышиева комплаенс жүйесін квазимемлекеттік сектор саласына енгізудің мақсаты – осы саладағы лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің мінез-құлықтарының жоғары стандарттарына бейімділігін қалыптастыру, ашық және адал қызметті жүргізу, іскерлік беделді нығайту және ұйымға деген сенімді арттыру екенін айтты.

Сонымен қатар, ол елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, комплаенс қызметін дамыту бойынша жүргізіліп жатырған жұмыстарға тоқталып, «Парасат жолы» жобасының маңыздылығын түсіндірді.

«Парасат жолы» жобасына Агенттік пен Мәдениет және спорт министрлігі бастамашылық етті. Ол зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен адалдық, парасаттылық, әділдік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамда ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған жаңа жоба болып табылады.

Облыстың бизнес және квазимемлекеттік сектор өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, сондай-ақ осы іс-шараның маңыздылығын атап, «Парасат жолы» жобасына табыс тіледі.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»