8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Қараша 2024 7619 0
Қоғам

Қадірі кетпесін, киесі үзілмесін!

 Бүгін, қарашаның алғашқы күні, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының және облыстық ардагерлер кеңесінің,«Интеграл» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Бата дарып, бақ қонсын» атты тақырыпта облыстық батагөйлер байқауы өтті.

Оған 12 ауданнан және Орал қаласынан батагөй қариялар қатысты. Шараны ақын Бауыржан Ширмеденұлы ашып жүргізді.

Алдымен қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлжанар Шөкеева құттықтау сөз сөйледі. – Батаның мазмұны қазақ қоғамында алғыс пен қарғысты, тілек пен дұғаны, ризашылық пен ренішті де қамтиды. Барлық қатысушы қарттарға сәттілік тілеймін! Жастарға өнеге көрсетіп, баталы сөздің қадірін ұғындырып, аман жүріңіздер!- деді.

Аталмыш байқауда таныстыру, бата оқу сайысы, тақырыптар бойынша қариялар сынға түсті. Қазылар алқасының шешімімен бөрлілік Қайырбай Нұрханов «Көрермен көзайымы» номинациясына лайықты деп танылды. Сайыстың нәтижесінде 3-орынды жаңақалалық Ғайниет Уәлиев иеленсе, 2-орынға теректілік Сатқан Ахметжанов табан тіреді. 1- орынды казталовтық Есмағұл Мусин иеленді. Байқаудың соңында сөйлеген әзілқазы алқасының мүшесі Бауыржан Ғұбайдуллин қатысушылардың барлығын Алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген жеңімпаздарға ақшалай сертификат пен Алғыс хат табыстап, қариялардың барлығына алғысын жеткізді.

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ

Бұл туралы «Жайық үні» газетінің келесі санынан оқи аласыздар

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
96 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
187 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
226 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
265 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
344 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»