АДАМ ӨЛТІРГЕН ЕКІ АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тамыздың 26 күні Орал қаласы Зашаған ауылында «Орал-Атырау» тасжолының бойындағы орман алқабында зорлықпен өлтірілген әйел адамның мүрдесі табылған.

БҚО ПД және Орал қ. ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 1990 жылғы азамат ұсталған. Ол 1963 жылғы әйел адамды өлтіргенін мойындап отыр.
Сондай-ақ, ұсталған азамат және оның 1992 жылғы танысы ер адамды өлтірген. Оның мәйіті 27 тамыз күні «Газовик» саяжай қоғамы аумағында табылды.
Ұсталған күдіктілерден велосипед және жәбірленушінің сөмкесі табылды. Екеуі де бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Қазір осы фактілер бойынша Қылмыстық Кодекстің 99-бабына (адам өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу