8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Шілде 2026 329 0
Өңір жаңалықтары

Адалдық құндылықтары мен ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған шахмат турнирі өтті

Жәнібек ауданында адалдық құндылықтарын дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және жастардың зияткерлік әлеуетін дамыту мақсатында жас мемлекеттік қызметшілер мен аудан ардагерлерінің қатысуымен шахмат турнирі ұйымдастырылды.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы М.Байсалов, Жәнібек ауданының әкімі Т.Шиниязов, аудан ардагерлері, жас мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Турнирдің басты мақсаты – жастар арасында адалдық, әділдік, жауапкершілік және парасаттылық құндылықтарын дәріптеу, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, сондай-ақ аға буын мен жас буын арасындағы сабақтастықты нығайту.

Іс-шара барысында қатысушылар шахмат сайысында бақ сынап, стратегиялық ойлау қабілеттерін, сабырлылық пен әділ бәсекелестік қағидаттарын көрсетті. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтегі кәсібилік, қызметтік әдеп, меритократия қағидаттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және «Адал азамат» құндылықтарын ілгерілету мәселелері талқыланды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы М.Байсалов адалдық пен жоғары адамгершілік қағидаттары мемлекеттік қызметтің негізгі тіректерінің бірі екенін атап өтіп, жастарды ел мүддесіне адал қызмет етуге, кәсіби тұрғыдан үнемі дамуға және қоғам алдындағы жауапкершілікті терең сезінуге шақырды.

Өз кезегінде Жәнібек ауданының әкімі Т.Шиниязов мұндай іс-шаралардың жас мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қалыптасуына, тәжірибе алмасуына және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Іс-шара аясында Жәнібек ауданы Ардагерлер ұйымының төрағасы А.Уәлиев қатысушыларға Ардагерлер музейіне экскурсия өткізіп, аудан тарихы, өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтардың еңбек жолы мен елге сіңірген еңбегі туралы мазмұнды ақпаратпен бөлісті.

Шара қорытындысында қатысушылар осындай тағылымды кездесулердің жастардың құқықтық және азаматтық мәдениетін қалыптастыруға, адалдық пен парасаттылық қағидаттарын кеңінен насихаттауға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға оң ықпал ететінін атап өтті.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар ұсынысы – жаңа жобаның негізі
18 Тамыз 2026
73 0
Қалалықтар қаперіне
Орал көшелеріндегі жол белгілері жаңартылуда
18 Тамыз 2026
77 0
Қалалықтар қаперіне
Оралда жылыту маусымына дайындық күшейтілді
18 Тамыз 2026
69 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамыз!
18 Тамыз 2026
68 0
Қалалықтар қаперіне
Қала келбетін көркейтуге жаңа қадам
18 Тамыз 2026
67 0
Қалалықтар қаперіне
Құрылыс нысандары бақылауда
17 Тамыз 2026
102 0
Құрылтай-2026
Құрылтайға қатысты он сұрақ
16 Тамыз 2026
135 0
Өңір жаңалықтары
Өңірде жылыту маусымына дайындық күшейтілді
15 Тамыз 2026
169 0
Өңір жаңалықтары
Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды
14 Тамыз 2026
204 0
Өңір жаңалықтары
Шекара сақшылары қызметке кірісті
14 Тамыз 2026
198 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»