8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Қараша 2018 1997 0
Қоғам

  «АДАЛ ЖОЛ» МАРАФОНЫ ОРАЛДА

Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Заман» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны және Тұңғыш Президент күніне орай жоғары және арнаулы оқу орындары оқытушылары мен қызметкерлері арасында батыс аймақтық ашық турнирі басталды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің жоспарына сай наурыз айында «Адал жол» марафоны бастау алған болатын. Сегіз ай ішінде он екі ауданды қамтыған аталмыш марафонды Тұңғыш Президент күні қарсаңында Орал қаласы қабылдап алды. Өскелең ұрпақты жастайынан жемқорлыққа жирене қарауға үйретіп, қоғам дертіне айналған кеселді түбірімен жоюды мақсат еткен марафонды Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаевқа Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов салтанатты түрде табыс етті.

Шарада сөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов:

– «Адал жол» марафоны еліміздің барлық өңірлерінде ұйымдастырылды. Елбасы Жолдауда жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрестің жалғаса беретіндігін айтқан болатын. Бұл ретте өңірімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында тоқтаусыз жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі – «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны. Қоғам дертіне айналған жемқорлықтың алдын алуға арналған эстафета оралдықтардың жемқорлыққа жаппай қарсы екенін дәлелдейді. Облыстың он екі ауданында  өткен шараға мыңдаған белсенді азаматтар қатысты. Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидасы қалыптасты, ­– дей келіп, жастарды марафон шеңберіндегі шараларға белсенді қатысуға шақырды.

– Марафон жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізді қалыптастыруды көздеп отыр.. Сондықтан бұл іс-шараның маңызы өте зор. Бүгінгі таңда марафонды Теректі ауданынан қабылдап алдық. Алдағы он күнде қалада осы мақсатта көптеген шаралар өтеді, – деді шаһар басшысы Мұрат Рахметұлы.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»