«АҚЖАЙЫҚ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ». КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 18-20 ақпан күндері Орал қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы №10 жалпы орта білім беретін мектебінде мектепке дейінгі, жалпы білім беру ұйымдары мен қосымша білім беру ұйымдарының басшыларына, аудандық, қалалық әдістемелік кабинет меңгерушілеріне арналған «Білім беру мазмұнын жүйелі жаңарту тұрғысындағы мектепті басқару» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтуде.

Семинар жұмысына мектепке дейінгі, жалпы білім беру ұйымдары мен қосымша білім беру ұйымдарының басшылары, аудандық, қалалық әдістемелік кабинет меңгерушілерінен 500-ге жуық білім саласының қызметкерлері қатысуда. Семинар жұмысы еңбек тәртібін сақтау, ішкі саясат, діни сауаттылық, қоғамдық денсаулықты сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, білім беру ұйымы басшыларының кәсіби шеберлігін арттыру, менеджменттегі жаңа технологиялармен таныстыру, білім саласындағы өзгерістерді енгізудің тиімді жолдарын табу және нәтижеге бағытталған жұмыстарды жүргізу, озық педагогикалық идеялар мен «Назарбаев зияткерлік мектебі» тәжірибелерін жалпы білім беретін мектептерге енгізу мақсатында ұйымдастырылды. Семинар барысында Батыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту, жастар саясаты, еңбек инспекциясы, ішкі саясат, дін істері басқармасы, қоғамдық денсаулық сақтау, полиция департаменті, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалы Орал қаласындағы ФМБ Назарбаев зияткерлік мектебі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті өкілімен, «Өрлеу» БАҰО АҚ БҚО ПКБАИ мамандары және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының ғылыми қызметкерімен кездесіп, ой бөлісіп, практикалық тұрғыда жұмыстанады.
Үш күнді қамтитын семинар аясында білім басқармасының ұйытқы болуымен «Ақжайық мейірім – мекені» қайырымдылық жәрмеңке-концерті ұйымдастырылды.

Аталмыш қайырымдылық шарасы облыс әкімі Алтай Көлгіновтің бастамасымен мүмкіндігі шектеулі, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатындағы «Мейірімді көктем» жобасы аясында ұйымдастырылды. Қайырымдылық концертіне Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония ұжымы, Орал қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ филиалының, облыстық, қалалық білім беру ұйымдарының оқушылары, колледж студенттері қатысты. Қайырымдылық шарасынан түскен қаржыны БҚО білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова жылы жүректі, жомарт қолды ұстаздар мен филармония ұжымына алғысын білдіре отырып, 6 бала тәрбиелеп отырған Владимир Еремин мен Бахытгүл Шакировалардың отбасына және 7 бала тәрбиелеп отырған жанұя Бисембай Қаржауов пен Ләззат Өтепқалиеваларға 280 000 теңгеден табыстады.
Өз кезегінде кеш иелері білім басқармасына, білім саласының қызметкерлеріне және жас өнерпаздарға шексіз ризашылықтарын білдірді.

Үміт Жәңгірова, БҚО білім басқармасы баспасөз хатшысы.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудағы цифрлық мониторинг
ІІМ: «Жас сақшы» сыныптарының алғашқы түлектері сертификат алып, заңға қызмет ету жолын таңдады
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары

Кіру
Пікір үстеу